
Дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
Корнеевка а. – Үлкен Тораңғыл к. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі байқалды (тәулік ішіндегі өзгеріс +6 см). Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша су деңгейі - 348 см (қауіпті деңгейі - 365 см).
Еріген қар және бүйірлік ағындардың келуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
Петропавл қ. – Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі байқалды (8 сағат ішінде 24 см). Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша су деңгейі – 900 см (қауіпті деңгей – 940 см (судың жайылмаға шығуы), 960 см (халықаралық маңызы бар 528 км Челябі-Новосибирск автожол асфальтына судың шығуы)).
Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуінен және еріген қар ағынының келуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
Балкашино а. – Жабай ө. (Ақмола облысы) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (4 сағат ішінде 64 см). 18:00 сағ. жағдай бойынша су деңгейі - 314 см (қауіпті деңгей - 520 см), су нысанының күйі – мұздың сирек жүруі. Қар жамылғысының қарқынды еруі, және өзеннің жоғары ағысындағы жылғалар мен жазықтардан еріген қар ағынының келуі әсерінен өзендегі су деңгейі көтерілді.
Еріген қар және бүйірлік ағындардың келіп қосылуынан, мұз кептелісі құбылыстарына байланысты су деңгейі қауіпті дейгейден асуы мүмкін.
Ұлытау облысы, Жезді өзені – Жезді гидрологиялық бекетінде су деңгейі қауіпті белгіге жақындағанын хабарлаймыз. Судың нақты деңгейі 08:00 сағ. 209 см. Қауіпті деңгей - 240 см.
Судың күрт келуіне байланысты, су деңгейі өсіп және қауіпті белгіден асып кетуі мүмкін.
Абай облысында 4-6 сәуір аралығында температураның жоғарылауына, сондай-ақ 5 сәуірде облыстың басым бөлігінде жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына байланысты қардың қарқынды еруі және Ертіс өзенінің мұздан тазаруы жалғасады. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан су жайылуы мен су басуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысында 4-6 сәуір аралығында температураның жоғарылауына, сондай-ақ 5 сәуірде облыстың басым бөлігінде жауын-шашын (негізінен жаңбыр түріндегі) болжамына байланысты, қардың қарқынды еруі және өзендердің мұздан тазаруы жалғасады. Бұл ретте өзен арналарында мұз кептелісі қалыптасуы мүмкін. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан су жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ақмола облысындағы:
Өзендердің жоғары ағысынан, жылғалар мен жазықтардан еріген қар ағынының жетуі әсерінен өзендерде су деңгейі көтерілді.
Еріген қар және бүйірлік ағындарының келіп қосылуынан, сондай-ақ мұз кептелісі құбылыстарына байланысты су деңгейі одан әрі көтерілуі күтілуде. Қауіпті дейгейден асуы мүмкін.
Журавлевка а. – Боқсық ө. (Ақмола обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (4 сағат ішінде 36 см). 12:00 жағдай бойынша су деңгейі – 625 см (қауіпті деңгей - 690 см), су нысанының күйі – бекеттен жоғары мұз кептелісі, мұздың сирек жүруі. Қар жамылғысының қарқынды еруі, және өзеннің жоғары ағысындағы жылғалар мен жазықтардан еріген қар ағынының жетуі әсерінен өзендегі су деңгейі көтерілді.
Еріген қар және бүйірлік ағындардың келіп қосылуынан, сондай-ақ мұз кептелісі құбылыстарына байланысты су деңгейі одан әрі көтерілуі және қауіпті дейгейден асуы мүмкін.
Ескертпе: қауіпті деңгейден асқан кезде ауылдың өзінде және ағысы бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
2025 жылдың 05-08 сәуір аралығында аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыздығы, және қатты жауын-шашын күтілуіне байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.
Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.
Ақмола облысында 5-8 сәуір аралығында өзендердің жоғарғы ағысынан, жазықтар мен жылғалардан еріген қар ағынының келуіне байланысты, мұз құбылыстарының одан әрі әлсіреуі, облыс өзендерінде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Бұл ретте су деңгейі қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін. Соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын және шаруашылық құрылыстарды еріген қар суларымен судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
2025 жылдың 05-06 сәуір аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аймақтары мен Алматы қ. маңындағы таулы аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ескерту: су деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
2025 жылдың 5-11 сәуір аралығында Ақмола облысынан бүйірлік ағындардың (Жабай және Қалқұтан өзендері) жетуіне байланысты Есіл өзені бойындағы Ғ. Мүсірепов, Шал ақын, Есіл және Қызылжар аудандарында (Солтүстік Қазақстан обл.) су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Бұл ретте су деңгейі қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін. Соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын және шаруашылық құрылыстарды еріген қар суларымен судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Қалкұтан а. – Қалкұтан ө. (Ақмола обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (4 сағат ішінде 20 см). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 505 см (қауіпті деңгей - 630 см), су нысанының күйі – таза. Қар жамылғысының қарқынды еруі, және өзеннің жоғары ағысындағы жылғалар мен жазықтардан еріген қар ағынының жетуі әсерінен өзендегі су деңгейі көтерілді.
Еріген қар және бүйірлік ағындардың келіп қосылуынан, сондай-ақ мұз кептелісі құбылыстарына байланысты су деңгейі одан әрі көтерілуі және қауіпті дейгейден асуы мүмкін.
Ескертпе: қауіпті деңгейден асқан кезде ауылдың өзінде және ағысы бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
2025 жылғы 05-06 сәуірде жауын-шашын болжамына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
2025 жылдың 5-7 сәуір аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Ақмола облысындағы:
Атбасар қ. – Жабай ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (2 сағат ішінде 25 см). 22:00 жағдай бойынша су деңгейі – 721 см (қауіпті деңгей – 710 см), су нысанының күйі – гидробекетте мұз құбылыстары жоқ (таза). Өзеннің жоғары ағысынан, бүйірлік және жылғалардан еріген қар суы ағындарының жетуі салдарынан өзендегі су деңгейі көтерілді. Өзен ағынынан туындаған су басу жағдайлары анықталған жоқ.
Журавлевка а. – Боқсық ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (2 сағат ішінде 25 см). 22:00 жағдай бойынша су деңгейі – 694 см (қауіпті деңгей – 690 см) су нысанының күйі – мұздың жағаға ығысуы, сирек мұздың жүруі. Өзеннің жоғары ағысынан, бүйірлік және жылғалардан еріген қар суы ағындарының жетуі салдарынан өзендегі су деңгейі көтерілді. Өзен ағынынан туындаған су басу жағдайлары анықталған жоқ.
Еріген қар суының және бүйірлік ағындардың келіп жетуіне, сондай-ақ мұз кептелістеріне байланысты су деңгейінің әрі қарай көтерілуі күтіледі.
Ескертпе: қауіпті деңгейден асқан кезде ауылдың өзінде және ағысы бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Покровка а. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (тәулік ішінде 19 см). 08:00 жағдай бойынша су деңгейі – 906 см (қауіпті деңгей – 950 см (судың жайылмаға шығуы)). Өзеннің жоғары ағысынан, бүйірлік және жылғалардан еріген қар суы ағындарының жетуі салдарынан өзендегі су деңгейі көтерілді.
Еріген қар суы және бүйірлік ағындардың келіп қосылуына байланысты су деңгейі одан әрі көтеріп, қауіпті дейгейден асуы мүмкін.
Ескерту: қауіпті деңгейден асқан жағдайда өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталуда.
Қарағанды облысы, Үлкен құндызды өзені – Киевка (Нұра) гидрологиялық бекетінде су деңгейі қауіпті белгіге жақындағанын хабарлаймыз. Судың нақты деңгейі 08:00 сағ. 383 см. Қауіпті деңгей - 450 см.
Судың күрт келуіне байланысты, су деңгейі өсіп және қауіпті белгіден асып кетуі мүмкін.
Қауіпті белгілерден асқан кезде елдімекеннің өзен бойы және өзеннің төменгі ағысы бойынша орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
04 сәуірде күндіз Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, Ауа температурасы 05 сәуірде түнде 0-5 градус аязға дейін төмендейді.
05 сәуірде түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Астана қ.: 05 сәуірде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аязға дейін төмендейді.
04 сәуірде күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде батысында, орталығында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
05 сәуірде түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде 3 градус аяз-2 градус жылыға дейін төмендейді.
04 сәуірде таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
05 сәуірде түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Ауа температурасы түнде 0-5 градус аязға дейін төмендейді.
05 сәуірде түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 градус аязға дейін төмендейді.
05 сәуірде Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 3 градус аяз-2 градус жылыға дейін төмендейді.
Павлодар қ: 05 сәуірде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертен тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылыға дейін төмендейді.
05 сәуірде Абай облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы 06 сәуірде түнде 0-5 градус аязға дейін төмендейді.
05 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында желдің күші 15-20 м/с. Ауа температурасы 06 сәуірде түнде 0-5, облыстың шығысында 8 градус аязға дейін төмендейді.
06 сәуірде күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
06 сәуірде күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Атырау қ: 06 сәуірде таңертең және күндіз кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі.
06 сәуірде Батыс Қазақстан облысының түнде батысында, оңтүстігінде, найзағай, күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Орал қ.: 06 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
06 сәуірде күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында найзағай күтіледі.
06 сәуірде күннің соңында Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, батысында, оңтүстігінде, таулы ауднадарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с.
Шымкент қ.: 06 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Түркістан қ.: 06 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
06 сәуірде күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда қ.: 06 сәуірде күндіз найзағай күтіледі.
06 сәуірде Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 06 сәуірде күндіз найзағай күтіледі.
06 сәуірде түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.
Алматы қ.: 06 сәуірде түнде тұман күтіледі.
Қонаев қ.: 06 сәуірде түнде тұман күтіледі.
06 сәуірде Жетісу облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
06 сәуірде таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с.
Қостанай қ.: 06 сәуірде таңертең және күндіз гроза күтіледі.
06 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Петропавл қ.: 06 сәуірде түнде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
06 сәуірде күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Көкшетау қ.: 06 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с.
06 сәуірде Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар қаласы: 06 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
06 сәуірде Қарағанды облысында түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Қарағанды қ.: 06 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі.
06 сәуірде Ұлытау облысында түнде және таңертең облыстың шығысында, орталығында тұман күтіледі.
Жезқазған қ.: 06 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі.
06 сәуірде түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
06 сәуірде түнде және таңертең Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.