
Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 04-06 сәуірде күтілетін ауа райының апатты, қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстары, ауа райының күрт өзгеруі және қар көшкіні туралы «Қазгидромет» РМК дауылды ескертулер
Гидрология департаменті
Дауылды ескертулер сақталады:
Корнеевка а. – Үлкен Тораңғыл к. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі байқалды (тәулік ішіндегі өзгеріс +6 см). Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша су деңгейі - 348 см (қауіпті деңгейі - 365 см).
Еріген қар және бүйірлік ағындардың келуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
2025 жылдың 01-04 сәуір аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жылымықтың әсерінен және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.
Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.
01-04 сәуір аралығында Есіл өзенінің жоғарғы ағысынан бүйірлік салалардың келуіне байланысты Ғ. Мүсірепов, Шал ақын, Есіл және Қызылжар аудандарында (Солтүстік Қазақстан обл.) су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Бұл ретте су деңгейі қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін. Соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын және шаруашылық құрылыстарды еріген қар суларымен судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ақмола облысында 1-4 сәуір аралығында күндізгі ауа температурасының одан әрі 15-20 жылыға дейін жоғарылауы, сондай-ақ жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына байланысты, мұз құбылыстарының одан әрі әлсіреуі, өзендердің мұздан тазаруы (мұз кептелісі құбылыстары болуы мүмкін) жалғасады, облыстың өзендерінде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Бұл ретте су деңгейі қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін. Соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын және шаруашылық құрылыстарды еріген қар суларымен судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Петропавл қ. – Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі байқалды (8 сағат ішінде 24 см). Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша су деңгейі – 900 см (қауіпті деңгей – 940* см (судың жайылмаға шығуы), 960** см (халықаралық маңызы бар 528 км Челябі-Новосибирск автожол асфальтына судың шығуы)).
Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуінен және еріген қар ағынының келуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
Балкашино а. – Жабай ө. (Ақмола облысы) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (4 сағат ішінде 64 см). 18:00 сағ. жағдай бойынша су деңгейі - 314 см (қауіпті деңгей - 520 см), су нысанының күйі – мұздың сирек жүруі. Қар жамылғысының қарқынды еруі, және өзеннің жоғары ағысындағы жылғалар мен жазықтардан еріген қар ағынының келуі әсерінен өзендегі су деңгейі көтерілді.
Еріген қар және бүйірлік ағындардың келіп қосылуынан, мұз кептелісі құбылыстарына байланысты су деңгейі қауіпті дейгейден асуы мүмкін.
Ескертпе: қауіпті деңгейден асқан кезде ауылдың өзінде және ағысы бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Гидрометорталық
Дауылды ескертулер күтіледі:
04 сәуірде күндіз Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, Ауа температурасы 05 сәуірде түнде 0-5 градус аязға дейін төмендейді.
05 сәуірде түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Астана қ.: 05 сәуірде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аязға дейін төмендейді.
04 сәуірде күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде батысында, орталығында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
05 сәуірде түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде 3 градус аяз-2 градус жылыға дейін төмендейді.
04 сәуірде таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
05 сәуірде түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Ауа температурасы түнде 0-5 градус аязға дейін төмендейді.
05 сәуірде түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 градус аязға дейін төмендейді.
05 сәуірде Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 3 градус аяз-2 градус жылыға дейін төмендейді.
05 сәуірде Абай облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы 06 сәуірде түнде 0-5 градус аязға дейін төмендейді.
05 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында желдің күші 15-20 м/с. Ауа температурасы 06 сәуірде түнде 0-5, облыстың шығысында 8 градус аязға дейін төмендейді.
04 сәуірде күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с.
Шымкент қ.: 04 сәуірде күннің соңында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз 15-20, екпіні 23 м/с.
Түркістан қ.: 04 сәуірде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз 15-20, екпіні 23 м/с.
04 сәуірде түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 04 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с.
04 сәуірде Алматы облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с.
Қонаев қ.: 04 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с.
04-05 сәуірде Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.
04 сәуірде Қызылорда облысының батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, күндіз облыстың орталығында екпін 25 м/с күтіледі.
Қызылорда қ.: 04 сәуірде кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.
04 сәуірде күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай, облыстың батысында, солтүстігнде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с.
Семей қ.: 04 сәуірде күндіз найзағай, шыңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда екпіні 23 м/с.
04 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
Өскемен қ.: 04 сәуірде жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
04 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында күндіз оңтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с.
Петропавл қ.: 04 сәуірде солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Астана қ.: 04 сәуірде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Көкшетау қ.: 04 сәуірде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
04 сәуірде күндіз Павлодар облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Павлодар қаласы: 04 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с.
04 сәуірде Қостанай облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қостанай қ.: 04 сәуірде солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
04 сәуірде түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.
Ақтау қ.: 04 сәуірде солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
04 сәуірде Ақтөбе облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Қарағанды қ.: 04 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с.
Жезқазған қ.: 04 сәуірде оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.