
Дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
Корнеевка а. – Үлкен Тораңғыл к. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі байқалды (тәулік ішіндегі өзгеріс +6 см). Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша су деңгейі - 348 см (қауіпті деңгейі - 365 см).
Еріген қар және бүйірлік ағындардың келуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
Шығыс Қазақстан облысында 1-3 сәуір аралығында облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде негізінен жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты, қардың қарқынды еруі, өзендердің мұздан тазаруы жалғасады, бұл ретте өзен арналарында мұз кептелістерінің пайда болуы мүмкін. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан су жайылуы мен су басуы мүмкін.
Абай облысында 1-3 сәуір аралығында облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстістігінде жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты, қардың қарқынды еруі, өзендердің мұздан тазаруы жалғасады, бұл ретте өзен арналарында мұз кептелістерінің пайда болуы мүмкін. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан су жайылуы мен су басуы мүмкін.
2025 жылдың 01-04 сәүір аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жылымықтың әсерінен және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.
Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.
1-4 сәуір аралығында Есіл өзенінің жоғарғы ағысынан бүйірлік салалардың келуіне байланысты Ғ. Мүсірепов, Шал ақын, Есіл және Қызылжар аудандарында (Солтүстік Қазақстан обл.) су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Бұл ретте су деңгейі қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін. Соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын және шаруашылық құрылыстарды еріген қар суларымен судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ақмола облысында 1-4 сәуір аралығында күндізгі ауа температурасының одан әрі 15-20 жылыға дейін жоғарылауы, сондай-ақ жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына байланысты, мұз құбылыстарының одан әрі әлсіреуі, өзендердің мұздан тазаруы (мұз кептелісі құбылыстары болуы мүмкін) жалғасады, облыстың өзендерінде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Бұл ретте су деңгейі қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін. Соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын және шаруашылық құрылыстарды еріген қар суларымен судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Петропавл қ. – Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі байқалды (8 сағат ішінде 24 см). Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша су деңгейі – 900 см (қауіпті деңгей – 940* см (судың жайылмаға шығуы), 960** см (халықаралық маңызы бар 528 км Челябі-Новосибирск автожол асфальтына судың шығуы)).
Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуінен және еріген қар ағынының келуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
03 сәуірде түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.
Петропавл қ.: 03 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.
03 сәуірде Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с.
Астана қ.: 03 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Көкшетау қ.: 03 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 17-22 м/с.
03 сәуірде түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
Семей қ.: 03 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
03 сәуірде түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с.
Өскемен қ.: 03 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
03 сәуірде түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды қ.: 03 сәуірде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.
03 сәуірде Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
03 сәуірде күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі.
03 сәуірде түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
03 сәуірде түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
03 сәуірде Қызылорда облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с күтіледі.
03 сәуірде Алматы облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 18 м/с.
03 сәуірде Жетісу облысында шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
03 сәуірде Қостанай облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай қ.: 03 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
03 сәуірде Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.