
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
Корнеевка а. – Үлкен Тораңғыл к. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі байқалды (тәулік ішіндегі өзгеріс +6 см). Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша су деңгейі - 348 см (қауіпті деңгейі - 365 см). Еріген қар және бүйірлік ағындардың келуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
Шығыс Қазақстан облысында 1-3 сәуір аралығында облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде негізінен жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты, қардың қарқынды еруі, өзендердің мұздан тазаруы жалғасады, бұл ретте өзен арналарында мұз кептелістерінің пайда болуы мүмкін. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан су жайылуы мен су басуы мүмкін.
Абай облысында 1-3 сәуір аралығында облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстістігінде жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты, қардың қарқынды еруі, өзендердің мұздан тазаруы жалғасады, бұл ретте өзен арналарында мұз кептелістерінің пайда болуы мүмкін. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан су жайылуы мен су басуы мүмкін.
2025 жылдың 01-04 сәүір аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жылымықтың әсерінен және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.
1-4 сәуір аралығында Есіл өзенінің жоғарғы ағысынан бүйірлік салалардың келуіне байланысты Ғ. Мүсірепов, Шал ақын, Есіл және Қызылжар аудандарында (Солтүстік Қазақстан обл.) су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Бұл ретте су деңгейі қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін. Соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын және шаруашылық құрылыстарды еріген қар суларымен судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ақмола облысында 1-4 сәуір аралығында күндізгі ауа температурасының одан әрі 15-20 жылыға дейін жоғарылауы, сондай-ақ жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына байланысты, мұз құбылыстарының одан әрі әлсіреуі, өзендердің мұздан тазаруы (мұз кептелісі құбылыстары болуы мүмкін) жалғасады, облыстың өзендерінде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Бұл ретте су деңгейі қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін. Соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын және шаруашылық құрылыстарды еріген қар суларымен судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 02 сәуірде түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.
02 сәуірде түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.
02 сәуірде түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
02 сәуірде түнде және таңертең Ақмола облысында тұман, көктайғақ күтіледі.
02 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
02 сәуірде түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с.
02 сәуірде түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
02 сәуірде Қарағанды облысында түнде және таңертең тұман күтіледі.
02 сәуірде Ұлытау облысында түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.
02 сәуірде Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
02 сәуірде күндіз Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
02 сәуірде Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с күтіледі.
02 сәуірде Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
02 сәуірде Атырау облысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
02 сәуірде түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман күтіледі.
02 сәуірде Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі.