МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 01-04 сәуірде күтілетін ауа райының апатты және қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстары және қар көшкіні туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер

 

Гидрология департаменті

 

Дауылды ескертулер сақталады:

 

Корнеевка а. – Үлкен Тораңғыл к. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі байқалды (тәулік ішіндегі өзгеріс +6 см). Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша су деңгейі - 348 см (қауіпті деңгейі - 365 см).

Еріген қар және бүйірлік ағындардың келуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

 

Шығыс Қазақстан облысында 1-3 сәуір аралығында облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде негізінен жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты, қардың қарқынды еруі, өзендердің мұздан тазаруы жалғасады, бұл ретте өзен арналарында мұз кептелістерінің пайда болуы мүмкін. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан су жайылуы мен су басуы мүмкін.

 

Абай облысында 1-3 сәуір аралығында облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстістігінде жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты, қардың қарқынды еруі, өзендердің мұздан тазаруы жалғасады, бұл ретте өзен арналарында мұз кептелістерінің пайда болуы мүмкін. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан су жайылуы мен су басуы мүмкін.

 

Дауылды ескертулер күтіледі:

 

2025 жылдың 01-04 сәүір аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жылымықтың әсерінен және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

 

Гидрометорталық

 

Дауылды ескертулер күтіледі:

 

01 сәуірде күндіз Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

                

01 сәуірде Жетісу облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

 

01 сәуірде түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 01 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

01 сәуірде Ақмола облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Астана қ.: 01 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

01 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында түнде шығысында, оңтүстігінде  жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Петропавл қ.: 01 сәуірде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.  

 

01 сәуірде күндіз Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар қ: 01 сәуірде күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

01 сәуірде Батыс Қазақстан облысында жел шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

 

01 сәуірде Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Атырау қ: 01 сәуірде оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

 

01 сәуірде күндіз Маңғыстау облысының орталығында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі.

 

01 сәуір Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі.

 

01 сәуірде Қостанай облысында түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

  

01 сәуірде түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр күтіледі.

Қарағанды қ.: 01 сәуірде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.

 

Дата публикации
01 апреля 2025
Дата обновления
01 апреля 2025
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы