
Дауылды ескертулер сақталады:
Корнеевка а. – Үлкен Тораңғыл к. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі байқалды (тәулік ішіндегі өзгеріс +6 см). Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша су деңгейі - 348 см (қауіпті деңгейі - 365 см).
Еріген қар және бүйірлік ағындардың келуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
Солтүстік Қазақстан облысында 27-31 наурыз аралығында өзендердің жоғарғы ағысынан, жазықтар мен жылғалардан еріген қар ағынының келуіне байланысты, мұз кұбылыстарының одан әрі әлсіреуі және облыс өзендерінде су деңгейнің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын және шаруашылық құрылыстарды еріген қар суларымен судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
2025 жылдың 27-31 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына және жауын-шашын күтілуіне байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.
Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.
Шығыс Қазақстан облысында 1-3 сәуір аралығында облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде негізінен жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты, қардың қарқынды еруі, өзендердің мұздан тазаруы жалғасады, бұл ретте өзен арналарында мұз кептелістерінің пайда болуы мүмкін. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан су жайылуы мен су басуы мүмкін.
Абай облысында 1-3 сәуір аралығында облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстістігінде жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты, қардың қарқынды еруі, өзендердің мұздан тазаруы жалғасады, бұл ретте өзен арналарында мұз кептелістерінің пайда болуы мүмкін. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан су жайылуы мен су басуы мүмкін.
Гидрометорталық
31 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында түнде оңтүстік-батысында, күндіз жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
31 наурызда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Көкшетау қ.: 31 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
31 наурызда Қостанай облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
31 наурызда түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.
31 наурызда Жетісу облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
31 наурызда түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 31 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
31 наурызда күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Атырау қ: 31 наурызда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
31 наурызда күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында 17-22 м/с күтіледі.
Ақтау қ.: 31 наурызда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 17-22 м/с күтіледі.
31 наурызда Батыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
31 наурызда Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.