МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер  

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 29-31 наурызда күтілетін ауа райының апатты және қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстары және қар көшкіні туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер

 

Гидрология департаменті

 

Дауылды ескертулер сақталады:

 

Корнеевка а. – Үлкен Тораңғыл к. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі байқалды (тәулік ішіндегі өзгеріс +6 см). Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша су деңгейі - 348 см (қауіпті деңгейі - 365 см).

Еріген қар және бүйірлік ағындардың келуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

 

Солтүстік Қазақстан облысында 27-31 наурыз аралығында өзендердің жоғарғы ағысынан, жазықтар мен жылғалардан еріген қар ағынының келуіне байланысты, мұз кұбылыстарының одан әрі әлсіреуі және облыс өзендерінде су деңгейнің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын және шаруашылық құрылыстарды еріген қар суларымен судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

 

2025 жылдың 27-31 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына және жауын-шашын күтілуіне байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

 

Гидрометорталық

 

Дауылды ескертулер күтіледі:

 

29 наурызда Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.

 

29 наурызда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.

Алматы қ.: 29 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қонаев қ.: 29 наурызда түнде тұман күтіледі.

 

29 наурызда түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 29 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

29 наурызда Түркістан облысының тауында тұман күтіледі.

 

29 наурызда түнде Абай облысының оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.

 

29 наурызда түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Жезқазған қ.: 29 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

29 наурызда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Орал қ.: 29 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

Дата публикации
28 марта 2025
Дата обновления
29 марта 2025
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы