
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
Корнеевка а. – Үлкен Тораңғыл к. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі байқалды (тәулік ішіндегі өзгеріс +6 см). Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша су деңгейі - 348 см (қауіпті деңгейі - 365 см).
Еріген қар және бүйірлік ағындардың келуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
Үй ауылы – Үй өзені (Қостанай облысы, Федоровка ауданы) гидрологиялық бекетінде Ресей Федерациясының Троицк МАЭС-ның су тасталымына байланысты су деңгейінің күрт көтерілуі бакыланды. Су деңгейі сағат 08:00 – 349 см, 10:30 – 573 см., су деңгейінің көтерілуі 224 см-ді құрады, қауіпті деңгей – 800 см.
Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде, қауіпті деңгейден асып, өзеннің жайылма учаскелеріне шығуы мүмкін.
Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында 27-31 наурыз аралығында өзендердің жоғарғы ағысынан, жазықтар мен жылғалардан еріген қар ағынының келуіне байланысты, мұз кұбылыстарының одан әрі әлсіреуі және облыс өзендерінде су деңгейнің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын және шаруашылық құрылыстарды еріген қар суларымен судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
2025 жылдың 27-31 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына және жауын-шашын күтілуіне байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.
Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.
Гидрометорталық
28 наурызда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 25 м/с.
Алматы қ.: 28 наурызда күндіз шығыстан жел соғады екпіні 15 м/с.
Қонаев қ.: 28 наурызда шығыстан жел соғады екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 25 м/с.
28 наурызда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 28 наурызда кей уақыттарда тұман, түнде көктайғақ күтіледі.
28 наурызда түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман күтіледі.
28 наурызда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Ақтау қ.: 28 наурызда түнде кей уақыттарда тұман күтіледі.
28 наурызда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Орал қ.: 28 наурызда тұман күтіледі.
28 наурызда Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с.
28 наурызда Абай облысының оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.
28 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең батысында, шығысында тұман күтіледі.
28 наурызда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күші15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с.
28 наурызда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
28 наурызда түнде Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі.