
Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 26-27 наурызда күтілетін қар көшкіні, ауа райының апатты және қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер
Гидрология департаменті
Дауылды ескертулер сақталады:
Жітіқара қ. – Шортанды өз. (Жітіқара ауданы) гидрологиялық бекетінде қар жамылғысының еруі мен мұз құбылыстарының әлсіреуіне байланысты су деңгейі көтерілді. Сағат 12:00-де 972 см., қауіпті деңгей – 1015 см.
Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде, қауіпті деңгейден асып, өзеннің жайылма учаскелерінен шығуы мүмкін.
Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
2025 жылдың 21-26 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуынан және жауын-шашынның күтілуіне байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.
Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.
Солтүстік Қазақстан облысы 22-26 наурыз аралығында өзендердің жоғарғы ағысынан, жазықтар мен жылғалардан еріген қар ағынының келуіне байланысты, мұз кұбылыстарының одан әрі әлсіреуі және облыс өзендерінде су деңгейнің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын және шаруашылық құрылыстарды еріген қар суларымен судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Корнеевка а. – Үлкен Тораңғыл к. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі байқалды (тәулік ішіндегі өзгеріс +6 см). Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша су деңгейі - 348 см (қауіпті деңгейі - 365 см).
Еріген қар және бүйірлік ағындардың келуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
Үрпек а. - Қараторғай өз. (Амангелді ауданы) гидрологиялық бекетінде қар жамылғысының еруі мен мұз құбылыстарының әлсіреуіне байланысты су деңгейі көтерілді. Сағат 08:00-де 850 см., қауіпті деңгей – 960 см.
Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде, қауіпті деңгейден асып, өзеннің жайылма учаскелерінен шығуы мүмкін.
Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
2025 жылдың 24-26 наурыз аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аймақтары мен Алматы қ. маңындағы таулы аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ескерту: су деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Үй ауылы – Үй өзені (Қостанай облысы, Федоровка ауданы) гидрологиялық бекетінде Ресей Федерациясының Троицк МАЭС-ның су тасталымына байланысты су деңгейінің күрт көтерілуі бакыланды. Су деңгейі сағат 08:00 – 349 см, 10:30 – 573 см., су деңгейінің көтерілуі 224 см-ді құрады, қауіпті деңгей – 800 см.
Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде, қауіпті деңгейден асып, өзеннің жайылма учаскелеріне шығуы мүмкін.
Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Ақмола облысында 25-27 наурыз аралығында өзендердің жоғарғы ағысынан, жазықтар мен жылғалардан еріген қар ағынының келуіне байланысты, мұз құбылыстарының одан әрі әлсіреуі, облыс өзендерінде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Бұл ретте су деңгейі қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін. Соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын және шаруашылық құрылыстарды еріген қар суларымен судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысында 25-27 наурыз аралығында жоғары күндізгі ауа температурасының сақталуына байланысты қардың қарқынды еруі жалғасады, еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, өзендерде су деңгейінің көтерілуі және мұз қабатынан ашылуы күтіледі, бұл ретте өзен арналарында мұз кептелістері пайда болуы мүмкін. Соның салдарынан су жайылуы мен су басуы мүмкін.
Абай облысында 25-27 наурыз аралығында жоғары күндізгі ауа температурасының сақталуына байланысты қардың қарқынды еруі жалғасады, еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, өзендерде су деңгейінің көтерілуі және мұз қабатынан ашылуы күтіледі, бұл ретте өзен арналарында мұз кептелістері пайда болуы мүмкін. Соның салдарынан су жайылуы мен су басуы мүмкін.
2025 жылғы 25-27 наурызда қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жетісу облысыныңтау және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы менсу басуы мүмкін.
Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
2025 жылдың 25-26 наурызында Түркістан облысының таулы және тау етегіндегі аудандарда қатты жаңбыр болжамына байланысты беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Гидрометорталық
Дауылды ескертулер күтіледі:
26 наурызда Түркістан облысының тауларында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с.
Шымкент қ.: 26 наурызда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Түркістан қ.: 26 наурызда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
26 наурызда Жамбыл облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 26 наурызда кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.
26 наурызда түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі. Солтүстік-шығыс бағыттан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 17-22 м/с.
Қонаев қ.: 26 наурызда солтүстік-шығыс бағыттан жел соғады, кей уақытта екпіні 17-22 м/с.
26 наурызда Жетісу облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с.
Талдықорған қ.: 26 наурызда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
26 наурызда Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
26 наурызда түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
26 марта ночью и утром на востоке, юге области Абай ожидается туман. Ветер северный, северо-восточный на юго-западе области 15-20 м/с.
26 наурызда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.
26 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Петропавл қ.: 26 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
26 наурызда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с.
26 наурызда Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
26 наурызда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күші 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 25 м/с күтіледі.
Қызылорда қ.: 26 наурызда кей уақыттарда шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.
26 наурызда Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15 м/с күтіледі.
26 наурызда Қостанай облысында түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман күтіледі.