
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Гидрология департаменті
Жітіқара қ. – Шортанды өз. (Жітіқара ауданы) гидрологиялық бекетінде қар жамылғысының еруі мен мұз құбылыстарының әлсіреуіне байланысты су деңгейі көтерілді. Сағат 12:00-де 972 см., қауіпті деңгей – 1015 см. Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде, қауіпті деңгейден асып, өзеннің жайылма учаскелерінен шығуы мүмкін. Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
2025 жылдың 20 мен 25 наурыз аралығында Ақтөбе облысында орналасқан өзен алаптарының жоғары жағынан ағып келетін суға байланысты Атырау облысының Қызылқоға және Жылыой ауданындағы Ойыл мен Жем өзендерінде су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі және өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі болуы мүмкін.
Қар жамылғысының еруіне және гидрологиялық бекеттерде мұз құбылыстарының әлсіреуіне байланысты су деңгейінің көтерілуі байқалды:
Желқуар өз. - Чайковское а. (Жітіқара ауданы) су деңгейінің көтерілуі байқалады. Су деңгейі сағат 08:00-де 388 см, қауіпті деңгей – 550 см.
Әйет өз. - Варваринка а. (Б. Майлин ауданы) су деңгейінің көтерілуі байқалады. Су деңгейі сағат 08:00-де 295 см, қауіпті деңгейі – 600 см.
Құндызды өз. - Новоселовка а. (Қарасу ауданы) су деңгейінің көтерілуі байқалады. Су деңгейі сағат 08:00-де 756 см, қауіпті деңгейі – 900 см.
Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде, қауіпті деңгейден асып, өзеннің жайылма учаскелерінен шығуы мүмкін. Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
2025 жылдың 20 мен 25 наурыз аралығында Ақтөбе облысында орналасқан өзен алаптарының жоғары жағынан ағып келетін суға байланысты Атырау облысының Қызылқоға және Жылыой ауданындағы Ойыл мен Жем өзендерінде су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі және өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі болуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысында 21-24 наурыз аралығында облыстың басым бөлігінде жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі жауын-шашын болжамына, сондай-ақ жоғары температуралық фонның сақталуына байланысты қардың қарқынды еруі, мұз құбылыстарының әлсіреуі, еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан су жайылуы мен су басуы мүмкін.
Абай облысында 21-24 наурыз аралығында облыстың басым бөлігінде жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі жауын-шашын болжамына, сондай-ақ жоғары температуралық фонның сақталуына байланысты қардың қарқынды еруі, мұз құбылыстарының әлсіреуі, еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан су жайылуы мен су басуы мүмкін.
2025 жылдың 21-26 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуынан және жауын-шашынның күтілуіне байланысты қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.
2025 жылғы 21-24 наурыз аралығында Ақтөбе облысында өзендердің жоғарғы ағысынан, сонымен қатар жазықтардан, жылғалар мен сайлардан еріген қар ағынының келуіне байланысты, барлық өзендерде мұз құбылыстарының әлсіреуі салдарынан су деңгейлері көтерілуі және қауіпті деңгейге жетуі мүмкін. Ақтөбе қаласы бойынша, сондай-ақ Ақтөбе облысының барлық аудандары бойынша (Мұғалжар, Ойыл, Шалқар, Темір, Қобда, Мәртөк, Хромтау, Қарғалы, Алға, Ырғыз және Әйтеке би аудандарында) еріген қар суларымен су басуы мүмкін. Ескертпе: өзендерде қарқынды қар еруі және су деңгейлер көтерілген кезде Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының барлық аудандары бойынша орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі болуы мүмкін.
Ақмола облысында 21-24 наурыз аралығында өзендердің жоғарғы ағысынан, жазықтар мен жылғалардан еріген қар ағынының келуіне байланысты, мұз құбылыстарының одан әрі әлсіреуі, облыс өзендерінде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Бұл ретте су деңгейі қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін. Соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын және шаруашылық құрылыстарды еріген қар суларымен судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысы 22-26 наурыз аралығында өзендердің жоғарғы ағысынан, жазықтар мен жылғалардан еріген қар ағынының келуіне байланысты, мұз кұбылыстарының одан әрі әлсіреуі және облыс өзендерінде су деңгейнің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын және шаруашылық құрылыстарды еріген қар суларымен судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Корнеевка а. – Үлкен Тораңғыл к. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі байқалды (тәулік ішіндегі өзгеріс +6 см). Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша су деңгейі - 348 см (қауіпті деңгейі - 365 см). Еріген қар және бүйірлік ағындардың келуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
Үрпек а. - Қараторғай өз. (Амангелді ауданы) Қостанай облысы гидрологиялық бекетінде қар жамылғысының еруі мен мұз құбылыстарының әлсіреуіне байланысты су деңгейі көтерілді. Сағат 08:00-де 850 см., қауіпті деңгей – 960 см. Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде, қауіпті деңгейден асып, өзеннің жайылма учаскелерінен шығуы мүмкін. Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Герасимовка а.– Ұлан ө. (ШҚО) гидрологиялық бекетінде су деңгейі қауіпті деңгейден асты. Сағат 08:00 жағдай бойынша су деңгейі – 459 см (қауіпті деңгей – 440 см). Су нысанының күйі –қалдық жағалық мұздар. Жаңбыр түріндегі жауын-шашынның түсуі, қар жамылғысының қарқынды еруі, өзен арнасының жоғары бөлігінен және жылғалардан еріген қар ағынының келуі салдарынан өзендегі судың деңгейі көтерілді.
2025 жылдың 24-26 наурыз аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аймақтары мен Алматы қ. маңындағы таулы аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін. Ескерту: су деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
2025 жылдың 24-25 наурыз аралығында температуралық фонның жоғарылауы мен қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін. Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Үй ауылы – Үй өзені (Қостанай облысы, Федоровка ауданы) гидрологиялық бекетінде Ресей Федерациясының Троицк МАЭС-ның су тасталымына байланысты су деңгейінің күрт көтерілуі бакыланды. Су деңгейі сағат 08:00 – 349 см, 10:30 – 573 см., су деңгейінің көтерілуі 224 см-ді құрады, қауіпті деңгей – 800 см. Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде, қауіпті деңгейден асып, өзеннің жайылма учаскелеріне шығуы мүмкін. Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Маралды а.– Күршім ө. (ШҚО) гидрологиялық бекет тұстамасында мұз кептелісінің пайда болу салдарынан су деңгейінің көтерілуі бақылануда. Сағат 13:00 жағдай бойынша су деңгейі – 240 см, су деңгейінің көтерілуі (сағат 08:00 салыстырғанда) 26 см-ді құрады. Су деңгейі күрт өзгеруі мүмкін.
Северное а. – Шағалалы ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі байқалды. Сағат 12:00-дегі жағдай бойынша су деңгейі – 345 см (қауіпті деңгейі - 400 см). Еріген қар және бүйірлік ағындардың келуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
Гидрометорталық
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 24 наурызда түнде және таңертең қар, тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
Алматы қ.: 24 наурызда жаңбыр, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыс бағыттан солтүстік-батыс бағытқа ауысады найзағай кезінде екпіні 18 м/с.
Шымкент қ.: 24 наурызда таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
24 наурызда Алматы облысында жаңбыр, күндіз облыстың оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, кей уақытта қатты. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыс бағыттан солтүстік-батыс бағытқа ауысады облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
24 наурызда Жетісу облысының шығысында, орталығында қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с.
24 наурызда Жамбыл облысында жаңбыр, таңертең және күндіз оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.
24 наурызда таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с.
24 наурызда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, орталығында қатты жаңбыр, найзағай, тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
24 наурызда Ақмола облысында түнде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
24 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында түнде жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Түнде бұрқасын, күндіз облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.
24 наурызда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
24 наурызда Қостанай облысында түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
24 наурызда түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
24 наурызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с.
24 наурызда күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
24 наурызда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с.
24 наурызда түнде және таңертең Қызылорда облысының шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі.
24 наурызда Атырау облысының оңтүстік жартысында жаңбыр күтіледі.
24 наурызда түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.