
Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 23-26 наурызда күтілетін қар көшкіні, ауа райының апатты және қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері дауылды ескертулер
Гидрология департаменті
Дауылды ескертулер сақталады:
Жітіқара қ. – Шортанды өз. (Жітіқара ауданы) гидрологиялық бекетінде қар жамылғысының еруі мен мұз құбылыстарының әлсіреуіне байланысты су деңгейі көтерілді. Сағат 12:00-де 972 см., қауіпті деңгей – 1015 см.
Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде, қауіпті деңгейден асып, өзеннің жайылма учаскелерінен шығуы мүмкін.
Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
2025 жылдың 20 мен 25 наурыз аралығында Ақтөбе облысында орналасқан өзен алаптарының жоғары жағынан ағып келетін суға байланысты Атырау облысының Қызылқоға және Жылыой ауданындағы Ойыл мен Жем өзендерінде су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі және өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі болуы мүмкін.
Қар жамылғысының еруіне және гидрологиялық бекеттерде мұз құбылыстарының әлсіреуіне байланысты су деңгейінің көтерілуі байқалды:
Желқуар өз. - Чайковское а. (Жітіқара ауданы) су деңгейінің көтерілуі байқалады. Су деңгейі сағат 08:00-де 388 см, қауіпті деңгей – 550 см.
Әйет өз. - Варваринка а. (Б. Майлин ауданы) су деңгейінің көтерілуі байқалады. Су деңгейі сағат 08:00-де 295 см, қауіпті деңгейі – 600 см.
Құндызды өз. - Новоселовка а. (Қарасу ауданы) су деңгейінің көтерілуі байқалады. Су деңгейі сағат 08:00-де 756 см, қауіпті деңгейі – 900 см.
Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде, қауіпті деңгейден асып, өзеннің жайылма учаскелерінен шығуы мүмкін.
Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
2025 жылдың 20 мен 25 наурыз аралығында Ақтөбе облысында орналасқан өзен алаптарының жоғары жағынан ағып келетін суға байланысты Атырау облысының Қызылқоға және Жылыой ауданындағы Ойыл мен Жем өзендерінде су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі және өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі болуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысында 21-24 наурыз аралығында облыстың басым бөлігінде жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі жауын-шашын болжамына, сондай-ақ жоғары температуралық фонның сақталуына байланысты қардың қарқынды еруі, мұз құбылыстарының әлсіреуі, еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан су жайылуы мен су басуы мүмкін.
Абай облысында 21-24 наурыз аралығында облыстың басым бөлігінде жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі жауын-шашын болжамына, сондай-ақ жоғары температуралық фонның сақталуына байланысты қардың қарқынды еруі, мұз құбылыстарының әлсіреуі, еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан су жайылуы мен су басуы мүмкін.
2025 жылдың 21-26 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуынан және жауын-шашынның күтілуіне байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.
Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.
2025 жылғы 21-24 наурыз аралығында Ақтөбе облысында өзендердің жоғарғы ағысынан, сонымен қатар жазықтардан, жылғалар мен сайлардан еріген қар ағынының келуіне байланысты, барлық өзендерде мұз құбылыстарының әлсіреуі салдарынан су деңгейлері көтерілуі және қауіпті деңгейге жетуі мүмкін. Ақтөбе қаласы бойынша, сондай-ақ Ақтөбе облысының барлық аудандары бойынша (Мұғалжар, Ойыл, Шалқар, Темір, Қобда, Мәртөк, Хромтау, Қарғалы, Алға, Ырғыз және Әйтеке би аудандарында) еріген қар суларымен су басуы мүмкін.
Ескертпе: өзендерде қарқынды қар еруі және су деңгейлер көтерілген кезде Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының барлық аудандары бойынша орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі болуы мүмкін.
Ақмола облысында 21-24 наурыз аралығында өзендердің жоғарғы ағысынан, жазықтар мен жылғалардан еріген қар ағынының келуіне байланысты, мұз құбылыстарының одан әрі әлсіреуі, облыс өзендерінде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Бұл ретте су деңгейі қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін. Соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын және шаруашылық құрылыстарды еріген қар суларымен судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысы 22-26 наурыз аралығында өзендердің жоғарғы ағысынан, жазықтар мен жылғалардан еріген қар ағынының келуіне байланысты, мұз кұбылыстарының одан әрі әлсіреуі және облыс өзендерінде су деңгейнің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын және шаруашылық құрылыстарды еріген қар суларымен судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Корнеевка а. – Үлкен Тораңғыл к. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі байқалды (тәулік ішіндегі өзгеріс +6 см). Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша су деңгейі - 348 см (қауіпті деңгейі - 365 см).
Еріген қар және бүйірлік ағындардың келуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
Екідің а. – Сарыторғай өз. (Арқалық қаласының әкімшілік аумағы) гидрологиялық бекетінде қар жамылғысының қарқынды еруіне және мұз құбылыстарының әлсіреуіне байланысты су деңгейінің күрт көтерілгені байқалды. Сағат 08:00-де су деңгейі 1021 см құрады (тәуілік ішінде 293 см-ге көтерілді), қауіпті деңгей – 1080 см.
Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде, қауіпті деңгейден асып, өзеннің жайылма учаскелерінен шығуы мүмкін.
Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Үрпек а. - Қараторғай өз. (Амангелді ауданы) гидрологиялық бекетінде қар жамылғысының еруі мен мұз құбылыстарының әлсіреуіне байланысты су деңгейі көтерілді. Сағат 08:00-де 850 см., қауіпті деңгей – 960 см.
Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде, қауіпті деңгейден асып, өзеннің жайылма учаскелерінен шығуы мүмкін.
Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Герасимовка а.– Ұлан ө. (ШҚО) гидрологиялық бекетінде су деңгейі қауіпті деңгейден асты. Сағат 08:00 жағдай бойынша су деңгейі – 459 см (қауіпті деңгей – 440 см). Су нысанының күйі –қалдық жағалық мұздар. Жаңбыр түріндегі жауын-шашынның түсуі, қар жамылғысының қарқынды еруі, өзен арнасының жоғары бөлігінен және жылғалардан еріген қар ағынының келуі салдарынан өзендегі судың деңгейі көтерілді.
Гидрометорталық
Дауылды ескертулер күтіледі:
23 наурызда түнде Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 23 наурызда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.
23 наурызда Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с.
Шымкент қ.: 23 наурызда күндіз найзағай күтіледі.
Түркістан қ.: 23 наурызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
23 наурызда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында тұман күтіледі. Көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Астана қ.: 23 наурызда жолдарда көктайғақ күтіледі.
Көкшетау қ.: 23 наурызда жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
23 наурызда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қостанай қ.: 23 наурызда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
23 наурызда түнде және таңертең Қызылорда облысының шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда қ.: 23 наурызда жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
23 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында түнде батысында, солтүстігінде, шығысында қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с.
Петропавл қ.: 23 наурызда солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.
23 наурызда түнде Ұлытау облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15 м/с.
23 наурызда таңертең және күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
23 наурызда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
Қонаев қ.: 23 наурызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
23 наурызда Атырау облысының оңтүстік жартысында жаңбыр күтіледі. Атырау қ.: кей уақыттарда жаңбыр күтіледі.
23 наурызда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с.
23 наурызда түнде және таңертең Қарағанды облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, коктайғақ.
23 наурызда Абай облысының оңтүстігінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
23 наурызда күндіз Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
23 наурызда түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығысытан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15 м/с.
23 наурызда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі.
" Сүгірәрлі Н./Азилкиясова Л.
8 (7172) 79-83-75
22.03.2025 ж.