МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Жітіқара қ. – Шортанды өз. (Жітіқара ауданы) гидрологиялық бекетінде қар жамылғысының еруі мен мұз құбылыстарының әлсіреуіне байланысты су деңгейі көтерілді. Сағат 12:00-де 972 см., қауіпті деңгей – 1015 см.

Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде, қауіпті деңгейден асып, өзеннің жайылма учаскелерінен шығуы мүмкін.

Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады. 

2025 жылдың 20 мен 25 наурыз аралығында Ақтөбе облысында орналасқан өзен алаптарының жоғары жағынан ағып келетін суға байланысты Атырау облысының Қызылқоға және  Жылыой  ауданындағы Ойыл мен Жем өзендерінде су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі  және өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі болуы мүмкін. 

Қар жамылғысының еруіне және гидрологиялық бекеттерде мұз құбылыстарының әлсіреуіне байланысты су деңгейінің көтерілуі байқалды:

Желқуар өз. - Чайковское а. (Жітіқара ауданы) су деңгейінің көтерілуі байқалады. Су деңгейі сағат 08:00-де 388 см, қауіпті деңгей – 550 см.

Әйет өз. - Варваринка а. (Б. Майлин ауданы) су деңгейінің көтерілуі байқалады. Су деңгейі сағат 08:00-де 295 см, қауіпті деңгейі – 600 см.

Құндызды өз. - Новоселовка а. (Қарасу ауданы) су деңгейінің көтерілуі байқалады. Су деңгейі сағат 08:00-де 756 см, қауіпті деңгейі – 900 см.

Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде, қауіпті деңгейден асып, өзеннің жайылма учаскелерінен шығуы мүмкін.

Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады. 

2025 жылдың 20 мен 25 наурыз аралығында Ақтөбе облысында орналасқан өзен алаптарының жоғары жағынан ағып келетін суға байланысты Атырау облысының Қызылқоға және  Жылыой  ауданындағы Ойыл мен Жем өзендерінде су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі  және өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі болуы мүмкін.

Қостанай облысында 20-22 наурыз аралығында ауа температурасының күндіз 2-12 жылыға дейін, түнде 1-10 аязға дейін және жаңбыр түріндегі жауын-шашынның болжамына байланысты, қардың қарқынды еруі, мұз құбылыстарының әлсіреуі, еріген қар суының қалыптасуы, облыстың өзендерінде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Обаған өз. – Ақсуат а. (Қостанай обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейі 19.03.2025 сағат 12:00-де – 445 см. Қауіпті деңгей – 500 см. Қар жамылғысының еруі, мұз құбылыстарының әлсіреуінен және Алабата көлін Құндызды өзенімен (Обаған өзенінің саласы) байланыстыратын жасанды каналдан судың келуіне байланысты су деңгейі көтерілуде. Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде, қауіпті деңгейден асып, өзеннің жайылма учаскелерінен шығуы мүмкін.

Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында 21-24 наурыз аралығында облыстың басым бөлігінде  жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі жауын-шашын болжамына, сондай-ақ жоғары температуралық фонның сақталуына байланысты қардың қарқынды еруі, мұз құбылыстарының әлсіреуі, еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан су жайылуы мен су басуы мүмкін.

Абай облысында 21-24 наурыз аралығында облыстың басым бөлігінде жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі жауын-шашын болжамына, сондай-ақ жоғары температуралық фонның сақталуына байланысты қардың қарқынды еруі, мұз құбылыстарының әлсіреуі, еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан су жайылуы мен су басуы мүмкін.

2025 жылдың 21-26 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуынан және жауын-шашынның күтілуіне байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар. 

2025 жылғы 21-24 наурыз аралығында Ақтөбе облысында өзендердің жоғарғы ағысынан,  сонымен қатар жазықтардан, жылғалар мен сайлардан еріген қар ағынының келуіне байланысты, барлық өзендерде мұз құбылыстарының әлсіреуі салдарынан су деңгейлері көтерілуі және қауіпті деңгейге жетуі мүмкін. Ақтөбе қаласы бойынша, сондай-ақ Ақтөбе облысының барлық аудандары бойынша (Мұғалжар, Ойыл, Шалқар, Темір, Қобда, Мәртөк, Хромтау, Қарғалы, Алға, Ырғыз және Әйтеке би аудандарында) еріген қар суларымен су басуы мүмкін.

Ескертпе: өзендерде қарқынды қар еруі  және су деңгейлер көтерілген кезде Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының барлық аудандары бойынша орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі болуы мүмкін.

Ақмола облысында 21-24 наурыз аралығында өзендердің жоғарғы ағысынан, жазықтар мен жылғалардан еріген қар ағынының келуіне байланысты, мұз құбылыстарының одан әрі әлсіреуі, облыс өзендерінде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Бұл ретте су деңгейі қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін. Соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын және шаруашылық құрылыстарды еріген қар суларымен судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысы 22-26 наурыз аралығында өзендердің жоғарғы ағысынан, жазықтар мен жылғалардан еріген қар ағынының келуіне байланысты, мұз кұбылыстарының одан әрі әлсіреуі және облыс өзендерінде су деңгейнің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын және шаруашылық құрылыстарды еріген қар суларымен судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

Корнеевка а. – Үлкен Тораңғыл к. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі байқалды (тәулік ішіндегі өзгеріс +6 см). Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша су деңгейі - 348 см (қауіпті деңгейі - 365 см).

Еріген қар және бүйірлік ағындардың келуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде. 

Екідің а. – Сарыторғай өз. (Арқалық қаласының әкімшілік аумағы) гидрологиялық бекетінде қар жамылғысының қарқынды еруіне және мұз құбылыстарының әлсіреуіне байланысты су деңгейінің күрт көтерілгені байқалды. Сағат 08:00-де су деңгейі 1021 см құрады (тәуілік ішінде 293 см-ге көтерілді), қауіпті деңгей – 1080 см.

Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде, қауіпті деңгейден асып, өзеннің жайылма учаскелерінен шығуы мүмкін.

Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады. 

Гидрометорталық 

22 наурызда түнде Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, түнде екпіні 23 м/с.

Өскемен қ.: 22 наурызда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-18 м/с.

22 наурызда түнде Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, облыстың шығысында, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні 25 м/с.

Семей қ.: 22 наурызда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с.

22 наурызда түнде және таңертең Қарағанды облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

22 наурызда түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с.

22 наурызда Қостанай облысында күндіз облыстың солтүстігінде аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

22 наурызда Ақмола облысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.
Астана қ.: 22 наурызда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман. 

22 наурызда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, облыстың  батысында, солтүстігінде екпіні 25 м/с.
Петропавл қ.: күндіз 22 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с. 

22 наурызда түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

22 наурызда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда қ.: 22 наурызда кей уақытта тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

22 наурызда күндіз Түркістан облысының тау асуларында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, күші 15-20 м/с. 

22 наурызда Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 

22 наурызда Алматы облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с.
Қонаев қ.: 22 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 17-22 м/с.

22 наурызда Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с. 

22 наурызда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Орал қ.: 22 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Дата публикации
20 марта 2025
Дата обновления
21 марта 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы