МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 20-21 наурызда күтілетін ауа райының апатты және қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер

 

Гидрология департаменті

 

Дауылды ескертулер сақталады:

 

2025 жылдың 16-21 наурыз аралығында Жезқазған қаласы мен Ұлытау облысы бойынша күндізгі ауа температурасының көтерілу (18℃ дейін) мен жауын шашын болжамына байланысты, қардың қарқынды еруі және еріген су ағынының қалыптасуына байланысты, облыстың өзендерінде мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзен деңгейлерінің көтерілу ықтималдығы жоғары, бұл ретте автожолдардың, тұрғын елді мекендердің және шаруашылық құрылыстардың еріген сулармен толуы және су басу қаупі бар.

 

2025 жылғы 17-20 наурыз аралығында Ақтөбе облысында температуралық фонның көтерілуіне және қардың қарқынды еруіне байланысты еріген қар ағыны мен мұз құбылыстарының әлсіреуі қалыптасты. Барлық өзендер бойынша су деңгейлер көтеріле бастады және қауіпті деңгейлерге жетуі мүмкін. Ақтөбе қаласы бойынша, сондай-ақ Ақтөбе облысының барлық аудандары бойынша (Байғанин, Мұғалжар, Ойыл, Шалқар, Темір, Қобда, Мәртөк, Хромтау, Қарғалы, Алға, Ырғыз және Әйтеке би аудандарында) еріген   су тасқыны болуы мүмкін.

Ескертпе: өзендерде қар қарқынды жауған және деңгейлер көтерілген кезде Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының барлық аудандары бойынша орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі болуы мүмкін

 

Солтүстік Қазақстан облысы 19-21 наурыз аралығында ауа температурасының күндіз 8-13 жылыға дейін, түнде 0-5 жалыға дейін және жаңбыр түрінде жауын-шашынның болжамына байланысты, қар жамылғысының одан әрі қарқынды еруі, мұз құбылыстарының әлсіреуі, еріген қар суының қалыптасуы, областың өзендерінде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын және шаруашылық құрылыстарды еріген қар сулармен су басуы мүмкін.

 

Жітіқара қ. – Шортанды өз. (Жітіқара ауданы) гидрологиялық бекетінде қар жамылғысының еруі мен мұз құбылыстарының әлсіреуіне байланысты су деңгейі көтерілді. Сағат 12:00-де 972 см., қауіпті деңгей – 1015 см.

Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде, қауіпті деңгейден асып, өзеннің жайылма учаскелерінен шығуы мүмкін.

Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

 

2025 жылғы 19-21 наурыз аралығында Қарағанды қаласы және Қарағанды облысы бойынша орташа тәуліктік ауа температурасының күндіз 15-ке дейін, түнде 5ке дейін жоғарылауы болжамына байланысты, қардың қарқынды еруі және еріген су ағынының қалыптасуы ықтималдығы жоғары, облыстың барлық өзендерінде су деңгейінің көтерілуі күтілуде, бұл ретте автожолдардың, тұрғын елді мекендердің және шаруашылық құрылыстардың еріген сулармен толуы және су басу қаупі бар.

 

 

Дауылды ескертулер күтіледі:

 

Қар жамылғысының еруіне және гидрологиялық бекеттерде мұз құбылыстарының әлсіреуіне байланысты су деңгейінің көтерілуі байқалды:

Желқуар өз. - Чайковское а. (Жітіқара ауданы) су деңгейінің көтерілуі байқалады. Су деңгейі сағат 08:00-де 388 см, қауіпті деңгей – 550 см.

Әйет өз. - Варваринка а. (Б. Майлин ауданы) су деңгейінің көтерілуі байқалады. Су деңгейі сағат 08:00-де 295 см, қауіпті деңгейі – 600 см.

Құндызды өз. - Новоселовка а. (Қарасу ауданы) су деңгейінің көтерілуі байқалады. Су деңгейі сағат 08:00-де 756 см, қауіпті деңгейі – 900 см.

Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде, қауіпті деңгейден асып, өзеннің жайылма учаскелерінен шығуы мүмкін.

Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

 

Павловка а. - Шағалалы ө. гидрологиялық бекетінде мұз жүру салдарынан су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (10 сағат ішінде 24 см). Сағ. 08 жағдай бойынша су деңгейі - 293 см (қауіпті деңгей - 280 см) су нысанының күйі – гидробекетте мұз құбылысы жоқ (тазартылды). Қар жамылғысының қарқынды еруінен, өзен арнасының жоғарыдағы, бүйірлік ағын және жылғалардан еріген қар ағынының келуі әсерінен өзендегі судың деңгейі көтерілді.

Принечное а. жол көпірі арқылы су ағып жатыр.

Мұз құбылыстарының әсерінен (мұз жұру, мұз кептелісі) су деңгейінің одан әрі көтерілуі және судың өзен жағасынан шығуы күтілуде.

Ескертпе: қауіпті деңгейден асқан кезде ауылдың өзінде және ағысы бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

 

 

Гидрометорталық

 

Дауылды ескертулер сақталады:

 

12-17 наурызда Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында ауа температурасы түнде 0-5 жылыдан 5-10 жылыға дейін, күндіз 5-10 жылыдан 15-20 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.

12-18 наурызда Қызылорда облысында ауа температурасы түнде 0-5 аяздан 2-7 жылыға дейін, күндіз 7-12, облыстың оңтүстігінде 15 жылыдан 15-20 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.

12-19 наурызда Түркістан облысында ауа температурасы түнде 3-8 жылыдан, солтүстікте, таулы аудандарда 0 градустан 5-10 жылыға дейін, күндіз 15-20 жылыдан, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында 10 жылыдан 18-23 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.

12-19 наурызда Жамбыл облысында ауа температурасы түнде 2 аяз-3 жылыдан 2-7 жылыға дейін, күндіз 10-15 жылыдан 17-22 жылыға дейін, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында түнде 0-5 аяздан 3 аяз-2 жылыға дейін, күндіз 0-5 жылыдан 6-11 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.

12-19 наурызда Алматы облысында ауа температурасы түнде 2 аяз-3 жылыдан 0-5 жылыға дейін, күндіз 3-8 жылыдан 10-15 жылыға дейін, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында түнде 6-11 аяздан 3 аяз-2 жылыға дейін, күндіз 0-5 аяздан 0-5 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.

12-19 наурызда Жетісу облысында ауа температурасының түнде 3-8 аяздан, облыстың оңтүстігінде 0 градустан 0-5 жылыға дейін, күндіз 2-7 жылыдан 10-15 жылыға дейін, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында түнде 11-16 аяздан 3 аяз-2 жылыға дейін, күндіз 0-5 аяздан 0-5 жылыға дейін жоғарылайды деп күтіледі.

13-18 наурызда Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде 4 аяз-1 жылыдан 2-7 жылыға дейін, күндіз 2-7 жылыдан, облыстың оңтүстігінде 10 жылыдан 8-13 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.

13-18 наурызда Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында ауа температурасының түнде 2-7 аяздан, облыстардың шығысында 10 аяздан 2 аяз-3 жылыға дейін, күндіз 2 аяз-3 жылыдан 5-10 жылыға дейін жоғарылайды деп күтіледі.

15-20 наурызда Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында ауа температурасы түнде 10-20 аяздан 5 аяз-2 жылыға дейін, күндіз 0-5 аяздан 3-8 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.

16-20 наурызда Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстарында ауа температурасының түнде  8-13 аяздан 2 аяз-3 жылыға дейін, күндіз 2 аяз-3 жылыдан 3-10 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.

 

19-20 наурызда Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с күтіледі. 

 

 

Дауылды ескертулер күтіледі:

 

20 наурызда таңертең және күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

 

20 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында түнде батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың  батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Петропавл қ.: 20 наурызда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз жаңбыр күтіледі. Тұман.

 

 20 наурызда Қостанай облысында түнде облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

 

20 наурызда Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

20 наурызда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с.

 

20 наурызда түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с.

 

20 наурызда Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

 

20 наурызда Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қонаев қ.: 20 наурызда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.

 

20 наурызда Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

 

20 наурызда Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында күндіз екпіні 15-20 м/с.

Орал қ.: 20 наурызда тұман күтіледі.

 

20 наурызда түнде және таңертең Ақтөбе облысының шыңысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

 

20 наурызда түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

                                                                                                                          

20 наурызда түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі.

Дата публикации
20 марта 2025
Дата обновления
20 марта 2025
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы