МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 17-21 наурызда күтілетін қар көшкіні, ауа райының апатты және қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер

 

Дауылды ескертулер сақталады:

 

Гидрология департаменті

 

2025 жылғы 13-18 наурыз аралығында Ақтөбе облысында температуралық фонның жоғарылауы болжамына байланысты қардың қарқынды еруі, еріген ағынның қалыптасуы және мұз құбылыстарының әлсіреуі күтілуде. Ақтөбе қаласында, сондай-ақ Байғанин, Мұғалжар, Ойыл, Шалқар аудандарында еріген су тасқыны болуы мүмкін.

Ескертпе: қарқынды қар тасқыны кезінде Ақтөбе қаласы, Байғанин, Ойыл, Мұғалжар және Шалқар аудандарында орналасқан елді мекендерді, жергілікті маңызы бар шаруашылық құрылыстар мен жолдарды су басу қаупі болуы мүмкін.

 

Батыс-Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, 2-Шежін өзені – 2- Шежін ауылы гидрологиялық бекетінде судың деңгейі 13.03.2025 ж. сағат 08:00 жағдай бойынша – 715 см, тәулік ішінде + 140 см көтерілді,  сағат 20:00 де – 767 см құрады, соңғы 12 сағат ішінде +52 см ге көтерілді.  Судың келуі жалғасуда, өзендегі су деңгейі бүйірлік ағынға байланысты өсуде және қауіпті деңгейден асуы мүмкін.

Қауіпті деңгей 780 см.

Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Судың тасып жайылуы және су басуы мүмкін.

 

Батыс-Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, 1-Шежін өзені – 1- Шежін ауылы гидрологиялық бекетінде судың деңгейі 13.03.2025 ж. сағат 08:00 жағдай бойынша – 446 см, тәулік ішінде + 76 см көтерілді,  сағат 23:00 де – 596 см құрады, соңғы 15 сағат ішінде +150 см ге көтерілді.  Судың келуі жалғасуда, өзендегі су деңгейі бүйірлік ағынға байланысты өсуде және қауіпті деңгейден асуы мүмкін.

Қауіпті деңгей 646 см.

Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Судың тасып жайылуы және су басуы мүмкін.

 

2025 жылдың 15-17 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

 

2025 жылғы 14-18 наурыз аралығында Ақтөбе облысында температуралық фонның жоғарылауы болжамына байланысты қардың қарқынды еруі, еріген ағынның қалыптасуы және мұз құбылыстарының әлсіреуі күтілуде. Ақтөбе қаласы бойынша, сондай-ақ Ақтөбе облысының барлық аудандары бойынша (Байғанин, Мұғалжар, Ойыл, Шалқар, Темір, Қобда, Мәртөк, Хромтау, Қарғалы, Алға, Ырғыз және Әйтеке би аудандарында) еріген су тасқыны болуы мүмкін.

Ескертпе: қарқынды қар тасқыны кезінде Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының барлық аудандары бойынша орналасқан елді мекендерді, жергілікті маңызы бар шаруашылық құрылыстар мен жолдарды су басу қаупі болуы мүмкін.

 

Шығыс Қазақстан облысында 15-17 наурыз аралығында ауа температурасының түнде  7-15 аязға дейін, күндіз 2-7 жылыға дейін жоғарылауы болжамына байланысты қарқынды қар еруі, мұз құбылыстарының әлсіреуі, еріген қар суының және беткейлік ағындары қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі,  соның салдарынан су жайылуы мен су басуы мүмкін.

 

Абай облысында 15-17 наурыз аралығында ауа температурасының түнде 0-10 аязға дейін, күндіз 3-10 жылыға дейін жоғарылауы болжамына байланысты қарқынды қар еруі, мұз құбылыстарының әлсіреуі, еріген қар суының және беткейлік ағындары қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, соның салдарынан су жайылуы мен су басуы мүмкін.

 

2025 жылдың  16  мен 19  наурыз аралығында Атырау облысында   оң  температуралық фонның сақталуына  байланысты қарқынды қар еруінің жалғасуы, еріген қар ағындының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі және шағын өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі ( Қызылқоға,  Жылыой аудандары), бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін.

 

Ақмола облысында 15-17 наурыз аралығында ауа температурасының күндіз 5-10 жылыға дейін, түнде 0-2 жылыға дейін және жаңбыр түріндегі жауын-шашынның болжамына байланысты, қар жамылғысының қарқынды еруі, еріген қар суы ағынының қалыптасуы, облыстың өзендері мен салаларында су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын және шаруашылық құрылыстарды еріген қар сулармен су басуы мүмкін.

 

Ауа температурасының жоғарылауына, қардың қарқынды еруінің басталуына, сондай-ақ облыс бойынша түнгі және күндізгі температураның одан әрі көтерілуіне (күндіз +10 °C және одан жоғары) және жаңбыр түрінде жауын-шашынның болжануына байланысты 2025 жылғы 15-19 наурыз аралығында Қостанай облысының аумағында еріген қар суының қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтілуде.

Ең көп жауын-шашын күтілетін облыстың батыс және солтүстік бөліктеріндегі аудандарға ерекше назар аудару қажет.

 

Ескерту: Қардың қарқынды еруі кезінде елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды, автожолдар мен теміржолдарды су басу қаупі болуы мүмкін.

 

Анықтамалық: Мұз құбылыстарының әлсіреуі – бұл су айдындарындағы мұз жамылғысының бұзылу және азаю процесі. Су айдындарындағы мұзға шығуды және автокөліктің мұз үстімен жүруін шектеу қажет.

 

2025 жылдың 15-17 наурыз аралығында температуралық фонның жоғарылауы мен қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

 

2025 жылдың 16-21 наурыз аралығында Жезқазған қаласы мен Ұлытау облысы бойынша күндізгі ауа температурасының көтерілу (18℃ дейін) мен жауын шашын болжамына байланысты, қардың қарқынды еруі және еріген су ағынының қалыптасуына байланысты, облыстың өзендерінде мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзен деңгейлерінің көтерілу ықтималдығы жоғары, бұл ретте автожолдардың, тұрғын елді мекендердің және шаруашылық құрылыстардың еріген сулармен толуы және су басу қаупі бар.

 

2025 жылғы 15-17 наурыз аралығында жауын-шашын болжамына, сондай-ақ температуралық фонның жоғарлауына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

 Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

 

Солтүстік Қазақстан облысында 16-18 наурыз аралығында ауа температурасының күндіз 3-6 жылыға дейін, түнде 0-2 жылыға дейін және жаңбыр түрінде жауын-шашынның болжамына байланысты, қар жамылғысының қарқынды еруі, мұз құбылыстарының әлсіреуі, еріген қар суы ағынының қалыптасуы, облыстың өзендері мен салаларында су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын және шаруашылық құрылыстарды еріген қар сулармен су басуы мүмкін.

 

Гидрометорталық

 

2025 жылғы 12-20 наурыз аралығында Қазақстан аймағында

ауа температурасының жоғарылауы туралы

2025 жылғы 11 наурыздағы №1 дауылды ескерту

 

12-17 наурызда Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында ауа температурасы түнде 0-5 жылыдан 5-10 жылыға дейін, күндіз 5-10 жылыдан 15-20 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.

12-18 наурызда Қызылорда облысында ауа температурасы түнде 0-5 аяздан 2-7 жылыға дейін, күндіз 7-12, облыстың оңтүстігінде 15 жылыдан 15-20 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.

12-19 наурызда Түркістан облысында ауа температурасы түнде 3-8 жылыдан, солтүстікте, таулы аудандарда 0 градустан 5-10 жылыға дейін, күндіз 15-20 жылыдан, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында 10 жылыдан 18-23 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.

12-19 наурызда Жамбыл облысында ауа температурасы түнде 2 аяз-3 жылыдан 2-7 жылыға дейін, күндіз 10-15 жылыдан 17-22 жылыға дейін, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында түнде 0-5 аяздан 3 аяз-2 жылыға дейін, күндіз 0-5 жылыдан 6-11 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.

12-19 наурызда Алматы облысында ауа температурасы түнде 2 аяз-3 жылыдан 0-5 жылыға дейін, күндіз 3-8 жылыдан 10-15 жылыға дейін, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында түнде 6-11 аяздан 3 аяз-2 жылыға дейін, күндіз 0-5 аяздан 0-5 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.

12-19 наурызда Жетісу облысында ауа температурасының түнде 3-8 аяздан, облыстың оңтүстігінде 0 градустан 0-5 жылыға дейін, күндіз 2-7 жылыдан 10-15 жылыға дейін, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында түнде 11-16 аяздан 3 аяз-2 жылыға дейін, күндіз 0-5 аяздан 0-5 жылыға дейін жоғарылайды деп күтіледі.

13-18 наурызда Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде 4 аяз-1 жылыдан 2-7 жылыға дейін, күндіз 2-7 жылыдан, облыстың оңтүстігінде 10 жылыдан 8-13 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.

13-18 наурызда Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында ауа температурасының түнде 2-7 аяздан, облыстардың шығысында 10 аяздан 2 аяз-3 жылыға дейін, күндіз 2 аяз-3 жылыдан 5-10 жылыға дейін жоғарылайды деп күтіледі.

15-20 наурызда Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында ауа температурасы түнде 10-20 аяздан 5 аяз-2 жылыға дейін, күндіз 0-5 аяздан 3-8 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.

16-20 наурызда Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстарында ауа температурасының түнде 8-13 аяздан 2 аяз-3 жылыға дейін, күндіз 2 аяз-3 жылыдан 3-10 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.

 

16-18 наурызда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

 

 

Дауылды ескертулер күтіледі:

 

 

17-19 наурызда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 18 наурызда таңертең және күндіз, 19 наурызда тәулік бойы облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 17-19 наурызда кей уақыттарда тұман күтіледі.

 

17 наурызда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 25 м/с.

Астана қ.: 17 наурызда таңертең және күндіз жаңбыр күтіледі. Тұман, түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Көкшетау қ.: 17 наурызда күндіз жаңбыр күтіледі. Көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

 

17 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында түнде облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.

Петропавл қ.: 17 наурызда жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

 

 17 наурызда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Павлодар қ.: 17 наурызда тұман, көктайғақ күтіледі.

  

17 наурызда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с.

 

17 наурызда Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман күтіледі.

 

17 наурызда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Өскемен қ.: 17 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

17 наурызда Абай облысының солтүстігінде, орталығында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

 

17 наурызда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Орал қ.: 17 наурызда тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 18 м/с.

 

  17 наурызда түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с.

 

17 наурызда күндіз Маңғыстау облысының батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі.

Ақтау қ.: 17 наурызда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

17 наурызда түнде және  таңертең Ақтөбе облысының шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.

 

17 наурызда Қостанай облысында түнде облыстың солтүстік жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), қөқтайғақ, күндіз облыстың солтүстік жартысында жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан  жел соғады, екпіні            15-20 м/с.

Костанай қ: 17 наурызда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), қөқтайғақ, күндіз жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан  жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Дата публикации
17 марта 2025
Дата обновления
17 марта 2025
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы