
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
2025 жылғы 13-18 наурыз аралығында Ақтөбе облысында температуралық фонның жоғарылауы болжамына байланысты қардың қарқынды еруі, еріген ағынның қалыптасуы және мұз құбылыстарының әлсіреуі күтілуде. Ақтөбе қаласында, сондай-ақ Байғанин, Мұғалжар, Ойыл, Шалқар аудандарында еріген су тасқыны болуы мүмкін.
Ескертпе: қарқынды қар тасқыны кезінде Ақтөбе қаласы, Байғанин, Ойыл, Мұғалжар және Шалқар аудандарында орналасқан елді мекендерді, жергілікті маңызы бар шаруашылық құрылыстар мен жолдарды су басу қаупі болуы мүмкін.
2025 жылдың 14-16 наурыз аралығында Батыс Қазақстан облысында ауа температурасының +10+16 градусқа дейін (Бөрлі және Шыңғырлау аудандарында +10+12°С дейін, Сырым және Қаратөбе аудандарында +12+14°С дейін, Орал қ., Тасқала, Бәйтерек, Теректі, Ақжайық аудандарында +14+16°С дейін) әрі қарай жоғарылауына байланысты, қарқынды қар еру, еріген қар ағындысының қалыптасуы және еріген қар ағындысының өзен арналарын толтыруына байланысты, мұздық құбылыстардың әлсіреуі, өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі.
Батыс-Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, 2-Шежін өзені – 2- Шежін ауылы гидрологиялық бекетінде судың деңгейі 13.03.2025 ж. сағат 08:00 жағдай бойынша – 715 см, тәулік ішінде + 140 см көтерілді, сағат 20:00 де – 767 см құрады, соңғы 12 сағат ішінде +52 см ге көтерілді. Судың келуі жалғасуда, өзендегі су деңгейі бүйірлік ағынға байланысты өсуде және қауіпті деңгейден асуы мүмкін.
Қауіпті деңгей 780 см.
Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Судың тасып жайылуы және су басуы мүмкін.
Батыс-Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, 1-Шежін өзені – 1- Шежін ауылы гидрологиялық бекетінде судың деңгейі 13.03.2025 ж. сағат 08:00 жағдай бойынша – 446 см, тәулік ішінде + 76 см көтерілді, сағат 23:00 де – 596 см құрады, соңғы 15 сағат ішінде +150 см ге көтерілді. Судың келуі жалғасуда, өзендегі су деңгейі бүйірлік ағынға байланысты өсуде және қауіпті деңгейден асуы мүмкін.
Қауіпті деңгей 646 см.
Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Судың тасып жайылуы және су басуы мүмкін.
2025 жылдың 15-17 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.
Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.
2025 жылғы 14-18 наурыз аралығында Ақтөбе облысында температуралық фонның жоғарылауы болжамына байланысты қардың қарқынды еруі, еріген ағынның қалыптасуы және мұз құбылыстарының әлсіреуі күтілуде. Ақтөбе қаласы бойынша, сондай-ақ Ақтөбе облысының барлық аудандары бойынша (Байғанин, Мұғалжар, Ойыл, Шалқар, Темір, Қобда, Мәртөк, Хромтау, Қарғалы, Алға, Ырғыз және Әйтеке би аудандарында) еріген су тасқыны болуы мүмкін.
Ескертпе: қарқынды қар тасқыны кезінде Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының барлық аудандары бойынша орналасқан елді мекендерді, жергілікті маңызы бар шаруашылық құрылыстар мен жолдарды су басу қаупі болуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысында 15-17 наурыз аралығында ауа температурасының түнде 7-15 аязға дейін, күндіз 2-7 жылыға дейін жоғарылауы болжамына байланысты қарқынды қар еруі, мұз құбылыстарының әлсіреуі, еріген қар суының және беткейлік ағындары қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, соның салдарынан су жайылуы мен су басуы мүмкін.
Абай облысында 15-17 наурыз аралығында ауа температурасының түнде 0-10 аязға дейін, күндіз 3-10 жылыға дейін жоғарылауы болжамына байланысты қарқынды қар еруі, мұз құбылыстарының әлсіреуі, еріген қар суының және беткейлік ағындары қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, соның салдарынан су жайылуы мен су басуы мүмкін.
2025 жылдың 16 мен 19 наурыз аралығында Атырау облысында оң температуралық фонның сақталуына байланысты қарқынды қар еруінің жалғасуы, еріген қар ағындының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі және шағын өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі ( Қызылқоға, Жылыой аудандары), бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін.
Ақмола облысында 15-17 наурыз аралығында ауа температурасының күндіз 5-10 жылыға дейін, түнде 0-2 жылыға дейін және жаңбыр түріндегі жауын-шашынның болжамына байланысты, қар жамылғысының қарқынды еруі, еріген қар суы ағынының қалыптасуы, облыстың өзендері мен салаларында су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын және шаруашылық құрылыстарды еріген қар сулармен су басуы мүмкін.
Ауа температурасының жоғарылауына, қардың қарқынды еруінің басталуына, сондай-ақ облыс бойынша түнгі және күндізгі температураның одан әрі көтерілуіне (күндіз +10 °C және одан жоғары) және жаңбыр түрінде жауын-шашынның болжануына байланысты 2025 жылғы 15-19 наурыз аралығында Қостанай облысының аумағында еріген қар суының қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтілуде.
Ең көп жауын-шашын күтілетін облыстың батыс және солтүстік бөліктеріндегі аудандарға ерекше назар аудару қажет.
Ескерту: Қардың қарқынды еруі кезінде елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды, автожолдар мен теміржолдарды су басу қаупі болуы мүмкін.
Анықтамалық: Мұз құбылыстарының әлсіреуі – бұл су айдындарындағы мұз жамылғысының бұзылу және азаю процесі. Су айдындарындағы мұзға шығуды және автокөліктің мұз үстімен жүруін шектеу қажет.
2025 жылдың 15-17 наурыз аралығында температуралық фонның жоғарылауы мен қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
2025 жылдың 16-21 наурыз аралығында Жезқазған қаласы мен Ұлытау облысы бойынша күндізгі ауа температурасының көтерілу (18℃ дейін) мен жауын шашын болжамына байланысты, қардың қарқынды еруі және еріген су ағынының қалыптасуына байланысты, облыстың өзендерінде мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзен деңгейлерінің көтерілу ықтималдығы жоғары, бұл ретте автожолдардың, тұрғын елді мекендердің және шаруашылық құрылыстардың еріген сулармен толуы және су басу қаупі бар.
2025 жылғы 15-17 наурыз аралығында жауын-шашын болжамына, сондай-ақ температуралық фонның жоғарлауына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында 16-18 наурыз аралығында ауа температурасының күндіз 3-6 жылыға дейін, түнде 0-2 жылыға дейін және жаңбыр түрінде жауын-шашынның болжамына байланысты, қар жамылғысының қарқынды еруі, мұз құбылыстарының әлсіреуі, еріген қар суы ағынының қалыптасуы, облыстың өзендері мен салаларында су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын және шаруашылық құрылыстарды еріген қар сулармен су басуы мүмкін.
12-17 наурызда Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында ауа температурасы түнде 0-5 жылыдан 5-10 жылыға дейін, күндіз 5-10 жылыдан 15-20 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.
12-18 наурызда Қызылорда облысында ауа температурасы түнде 0-5 аяздан 2-7 жылыға дейін, күндіз 7-12, облыстың оңтүстігінде 15 жылыдан 15-20 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.
12-19 наурызда Түркістан облысында ауа температурасы түнде 3-8 жылыдан, солтүстікте, таулы аудандарда 0 градустан 5-10 жылыға дейін, күндіз 15-20 жылыдан, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында 10 жылыдан 18-23 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.
12-19 наурызда Жамбыл облысында ауа температурасы түнде 2 аяз-3 жылыдан 2-7 жылыға дейін, күндіз 10-15 жылыдан 17-22 жылыға дейін, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында түнде 0-5 аяздан 3 аяз-2 жылыға дейін, күндіз 0-5 жылыдан 6-11 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.
12-19 наурызда Алматы облысында ауа температурасы түнде 2 аяз-3 жылыдан 0-5 жылыға дейін, күндіз 3-8 жылыдан 10-15 жылыға дейін, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында түнде 6-11 аяздан 3 аяз-2 жылыға дейін, күндіз 0-5 аяздан 0-5 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.
12-19 наурызда Жетісу облысында ауа температурасының түнде 3-8 аяздан, облыстың оңтүстігінде 0 градустан 0-5 жылыға дейін, күндіз 2-7 жылыдан 10-15 жылыға дейін, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында түнде 11-16 аяздан 3 аяз-2 жылыға дейін, күндіз 0-5 аяздан 0-5 жылыға дейін жоғарылайды деп күтіледі.
13-18 наурызда Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде 4 аяз-1 жылыдан 2-7 жылыға дейін, күндіз 2-7 жылыдан, облыстың оңтүстігінде 10 жылыдан 8-13 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.
13-18 наурызда Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында ауа температурасының түнде 2-7 аяздан, облыстардың шығысында 10 аяздан 2 аяз-3 жылыға дейін, күндіз 2 аяз-3 жылыдан 5-10 жылыға дейін жоғарылайды деп күтіледі.
15-20 наурызда Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында ауа температурасы түнде 10-20 аяздан 5 аяз-2 жылыға дейін, күндіз 0-5 аяздан 3-8 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.
16-20 наурызда Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстарында ауа температурасының түнде 8-13 аяздан 2 аяз-3 жылыға дейін, күндіз 2 аяз-3 жылыдан 3-10 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.
16 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Петропавл қ.: 16 наурызда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, кей уақытта тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
16 наурызда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Астана қ.: 16 наурызда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Көкшетау қ.: 16 наурызда түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.
16 наурызда Қостанай облысында түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Қостанай қ: 16 наурызда таңертең және күндіз көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.
16 наурызда Жетісу облысының таулы аудандарында түнде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында күші 15-20, екпіні 25 м/с.
16 наурызда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 16 наурызда кей уақыттарда тұман күтіледі.
16 наурызда түнде Алматы облысының орталығында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.
Қонаев қ.: 16 наурызда түнде тұман күтіледі.
16 наурызда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Орал қ.: 16 наурызда тұман күтіледі.
16 наурызда түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с.
16 наурызда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.
16 наурызда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
16 наурызда Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Жезқазған қ.: 16 наурызда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
16 наурызда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Өскемен қ.: 16 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
16-18 наурызда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.