
Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 14-20 наурызда күтілетін қар көшкіні, ауа райының апатты және қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
Гидрология департаметі
2025 жылдың 12-14 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.
Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.
2025 жылғы 13-18 наурыз аралығында Ақтөбе облысында температуралық фонның жоғарылауы болжамына байланысты қардың қарқынды еруі, еріген ағынның қалыптасуы және мұз құбылыстарының әлсіреуі күтілуде. Ақтөбе қаласында, сондай-ақ Байғанин, Мұғалжар, Ойыл, Шалқар аудандарында еріген су тасқыны болуы мүмкін.
Ескертпе: қарқынды қар тасқыны кезінде Ақтөбе қаласы, Байғанин, Ойыл, Мұғалжар және Шалқар аудандарында орналасқан елді мекендерді, жергілікті маңызы бар шаруашылық құрылыстар мен жолдарды су басу қаупі болуы мүмкін.
2025 жылғы 12-14 наурыз аралығында температуралық фонның жоғарлауына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін. Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
2025 жылдың 13 мен 15 наурыз аралығында Атырау облысында температуралық фонның жоғарлауына байланысты қардың қарқынды еруі, еріген қар суы ағынының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі және Қызылқоға мен Жылыой аудандарының өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар су басуы мен су жайылуы мүмкін.
Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
2025 жылдың 14-16 наурыз аралығында Батыс Қазақстан облысында ауа температурасының +10+16 градусқа дейін (Бөрлі және Шыңғырлау аудандарында +10+12°С дейін, Сырым және Қаратөбе аудандарында +12+14°С дейін, Орал қ., Тасқала, Бәйтерек, Теректі, Ақжайық аудандарында +14+16°С дейін) әрі қарай жоғарылауына байланысты, қарқынды қар еру, еріген қар ағындысының қалыптасуы және еріген қар ағындысының өзен арналарын толтыруына байланысты, мұздық құбылыстардың әлсіреуі, өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі.
Гидрометорталық
2025 жылғы 12-20 наурыз аралығында Қазақстан аймағында
ауа температурасының жоғарылауы туралы
2025 жылғы 11 наурыздағы №1 дауылды ескерту
12-17 наурызда Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында ауа температурасы түнде 0-5 жылыдан 5-10 жылыға дейін, күндіз 5-10 жылыдан 15-20 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.
12-18 наурызда Қызылорда облысында ауа температурасы түнде 0-5 аяздан 2-7 жылыға дейін, күндіз 7-12, облыстың оңтүстігінде 15 жылыдан 15-20 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.
12-19 наурызда Түркістан облысында ауа температурасы түнде 3-8 жылыдан, солтүстікте, таулы аудандарда 0 градустан 5-10 жылыға дейін, күндіз 15-20 жылыдан, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында 10 жылыдан 18-23 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.
12-19 наурызда Жамбыл облысында ауа температурасы түнде 2 аяз-3 жылыдан 2-7 жылыға дейін, күндіз 10-15 жылыдан 17-22 жылыға дейін, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында түнде 0-5 аяздан 3 аяз-2 жылыға дейін, күндіз 0-5 жылыдан 6-11 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.
12-19 наурызда Алматы облысында ауа температурасы түнде 2 аяз-3 жылыдан 0-5 жылыға дейін, күндіз 3-8 жылыдан 10-15 жылыға дейін, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында түнде 6-11 аяздан 3 аяз-2 жылыға дейін, күндіз 0-5 аяздан 0-5 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.
12-19 наурызда Жетісу облысында ауа температурасының түнде 3-8 аяздан, облыстың оңтүстігінде 0 градустан 0-5 жылыға дейін, күндіз 2-7 жылыдан 10-15 жылыға дейін, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында түнде 11-16 аяздан 3 аяз-2 жылыға дейін, күндіз 0-5 аяздан 0-5 жылыға дейін жоғарылайды деп күтіледі.
13-18 наурызда Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде 4 аяз-1 жылыдан 2-7 жылыға дейін, күндіз 2-7 жылыдан, облыстың оңтүстігінде 10 жылыдан 8-13 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.
13-18 наурызда Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында ауа температурасының түнде 2-7 аяздан, облыстардың шығысында 10 аяздан 2 аяз-3 жылыға дейін, күндіз 2 аяз-3 жылыдан 5-10 жылыға дейін жоғарылайды деп күтіледі.
15-20 наурызда Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында ауа температурасы түнде 10-20 аяздан 5 аяз-2 жылыға дейін, күндіз 0-5 аяздан 3-8 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.
16-20 наурызда Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстарында ауа температурасының түнде 8-13 аяздан 2 аяз-3 жылыға дейін, күндіз 2 аяз-3 жылыдан 3-10 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.
13-14 наурызда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 13-14 наурызда кей уақытта тұман күтіледі.
Дауылды ескертулер күтіледі:
14-15 наурызда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
14-15 наурызда Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.
14 наурызда түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.
14 наурызда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
14 наурызда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с, түнде кей уақыттарда 25 м/с.
Астана қ.: 14 наурызда көктайғақ күтіледі.
Көкшетау қ.: 14 наурызда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.
14 наурызда Қостанай облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Областың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік жартысында екпіні 15-20 м/с.
Костанай қ: 14 наурызда түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
14 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.
Петропавл қ.: 14 наурызда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
14 наурызда түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз жолдарда көктайғақ күтіледі.
Павлодар қ.: 14 наурызда күндіз жолдарда көктайғақ күтіледі.
14 наурызда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жолдарда көктайғақ күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың октүстік-шығысында 15-20, екпіні 23 м/с.
Өскемен қ.: 14 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз жолдарда көктайғақ күтіледі.
14 наурызда түнде және таңертең Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз жолдарда көктайғақ күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
Семей қ.: 14 наурызда күндіз жолдарда көктайғақ күтіледі.
14 наурызда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
14 наурызда Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
14 наурызда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында түнде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Орал қ.: 14 наурызда түнде тұман, көктайғақ күтіледі.
14 наурызда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15 м/с.
Ақтөбе қ.: 14 наурызда кей уақыттарда тұман күтіледі.
14 наурызда түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман күтіледі.