МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 13-20 наурызда күтілетін қар көшкіні, ауа райының апатты және қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер

 

 

Дауылды ескертулер сақталады:

 

Гидрология департаметі

 

2025 жылдың 12-14 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

 

2025 жылғы 13-18 наурыз аралығында Ақтөбе облысында температуралық фонның жоғарылауы болжамына байланысты қардың қарқынды еруі, еріген ағынның қалыптасуы және мұз құбылыстарының әлсіреуі күтілуде. Ақтөбе қаласында, сондай-ақ Байғанин, Мұғалжар, Ойыл, Шалқар аудандарында еріген су тасқыны болуы мүмкін.

Ескертпе: қарқынды қар тасқыны кезінде Ақтөбе қаласы, Байғанин, Ойыл, Мұғалжар және Шалқар аудандарында орналасқан елді мекендерді, жергілікті маңызы бар шаруашылық құрылыстар мен жолдарды су басу қаупі болуы мүмкін.

 

2025 жылғы  12-14 наурыз аралығында температуралық фонның жоғарлауына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін. Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

 

температуралық фонның жоғарлауына байланысты қардың қарқынды еруі, еріген қар суы ағынының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі және Қызылқоға мен Жылыой аудандарының өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар су басуы мен су жайылуы мүмкін.

Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

 

 

Гидрометорталық

 

 

12-17 наурызда Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында ауа температурасы түнде 0-5 жылыдан 5-10 жылыға дейін, күндіз 5-10 жылыдан 15-20 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.

12-18 наурызда Қызылорда облысында ауа температурасы түнде 0-5 аяздан 2-7 жылыға дейін, күндіз 7-12, облыстың оңтүстігінде 15 жылыдан 15-20 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.

12-19 наурызда Түркістан облысында ауа температурасы түнде 3-8 жылыдан, солтүстікте, таулы аудандарда 0 градустан 5-10 жылыға дейін, күндіз 15-20 жылыдан, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында 10 жылыдан 18-23 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.

12-19 наурызда Жамбыл облысында ауа температурасы түнде 2 аяз-3 жылыдан 2-7 жылыға дейін, күндіз 10-15 жылыдан 17-22 жылыға дейін, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында түнде 0-5 аяздан 3 аяз-2 жылыға дейін, күндіз 0-5 жылыдан 6-11 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.

12-19 наурызда Алматы облысында ауа температурасы түнде 2 аяз-3 жылыдан 0-5 жылыға дейін, күндіз 3-8 жылыдан 10-15 жылыға дейін, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында түнде 6-11 аяздан 3 аяз-2 жылыға дейін, күндіз 0-5 аяздан 0-5 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.

12-19 наурызда Жетісу облысында ауа температурасының түнде 3-8 аяздан, облыстың оңтүстігінде 0 градустан 0-5 жылыға дейін, күндіз 2-7 жылыдан 10-15 жылыға дейін, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында түнде 11-16 аяздан 3 аяз-2 жылыға дейін, күндіз 0-5 аяздан                                0-5 жылыға дейін жоғарылайды деп күтіледі.

13-18 наурызда Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде 4 аяз-1 жылыдан 2-7 жылыға дейін, күндіз 2-7 жылыдан, облыстың оңтүстігінде 10 жылыдан 8-13 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.

13-18 наурызда Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында ауа температурасының түнде 2-7 аяздан, облыстардың шығысында 10 аяздан 2 аяз-3 жылыға дейін, күндіз 2 аяз-3 жылыдан 5-10 жылыға дейін жоғарылайды деп күтіледі.

15-20 наурызда Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында ауа температурасы түнде                                 10-20 аяздан 5 аяз-2 жылыға дейін, күндіз 0-5 аяздан 3-8 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.

16-20 наурызда Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстарында ауа температурасының түнде 8-13 аяздан 2 аяз-3 жылыға дейін, күндіз 2 аяз-3 жылыдан 3-10 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.

 

 

Дауылды ескертулер күтіледі:

 

Гидрология департаметі

 

 

2025 жылдың 14-16 наурыз аралығында Батыс Қазақстан облысында ауа температурасының +10+16 градусқа дейін (Бөрлі және Шыңғырлау аудандарында +10+12°С дейін, Сырым және Қаратөбе аудандарында +12+14°С дейін, Орал қ., Тасқала, Бәйтерек, Теректі, Ақжайық аудандарында +14+16°С дейін) әрі қарай жоғарылауына байланысты, қарқынды қар еру, еріген қар ағындысының қалыптасуы және еріген қар ағындысының өзен арналарын толтыруына байланысты, мұздық құбылыстардың әлсіреуі, өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі.

 

Гидрометорталық

 

13 наурызда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.

Көкшетау қ.: 13 наурызда жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

 

13 наурызда Қостанай облысында облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қостанай қ.: 13 наурызда таңертең және  күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

 

13 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-батысында, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.

Петропавл қ.: 13 наурызда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

 

13 наурызда түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

13 наурызда Қарағанды облысында түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ.

Қарағанды қ.: 13 наурызда жолдарда көктайғақ күтіледі.

 

13 наурызда Ұлытау облысында түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ.

Жезқазған қ.: 13 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ.

13 наурызда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Өскемен қ.: 13 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

13 наурызда Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Семей қ.: 13 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

13 наурызда түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.

Қонаев қ.: 13 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

13 наурызда Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 17-22 м/с.  

 

13-14 наурызда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 13-14 наурызда кей уақытта тұман күтіледі. 

 

12 наурызда күндіз, 13 наурызда тәулік бойы Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

 

13 наурызда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Орал қ.: 13 наурызда тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

 

13 наурызда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе қ.: 13 наурызда жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

 

13 наурызда түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман күтіледі.

 

Дата публикации
13 марта 2025
Дата обновления
13 марта 2025
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы