МЧС

Меню

Страницы

Статья

Жер сілкінісі, Дауылды ескертулер

ҚР ТЖМ «ҰҒСНИ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 08 наурызда Астана уақыты бойынша 08 сағат 29 минут 35 секундта жер сілкінісі тіркелді.

Жер сiлкiнiсiнiң координаттары: 47.053 с.е. 84.999 ш.б. Ошақ Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласынан 48 км қашықтықта таулы жерде орналасқан.

Есептік қарқындылық (баллмен): Зайсан қаласында 2 балл болды.

Зардап шеккендер мен қираулар, ерікті қар көшкіні туралы ақпарат түскен жоқ.
Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істейді. Қар көшкіні, сел көшкіні тіркелген жоқ. Жер сілкінісі туралы ақпарат облыс тұрғындарына жеткізілді. Арнайы. желіге қоңырау түскен жоқ.

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 08-10 наурызда күтілетін ауа райының апатты және қауіпті құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер

 

Дауылды ескертулер сақталады:

 

Гидрология департаметі

 

2025 жылдың 07-08 наурыз аралығында температуралық фонның жоғарылауы мен қатты жауын-шашын (жаңбыр) болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

2025 жылғы  7-10 наурыз аралығында жауын-шашын болжамына, сондай-ақ температуралық фонның жоғарлауына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

 Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Гидрометорталық

07 наурызда күндіз Алматы облысында жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

07 наурызда кешке, 08-09 наурызда тәуілік бойы облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Жел батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстік жартысында екпіні 18-23, кей уақытта               28 м/с.

Алматы қ.: 07 наурызда кешке, 08-09 наурызда тәуілік бойы кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. 07 наурызда батыстан жел соғады күндіз екпіні 18 м/с.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Астана қ.: 08 наурызда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Шымкент қ.: 08 наурызда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.

08 наурызда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.

08 наурызда күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.

08 наурызда түнде Алматы облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың таулы аудандарында кей уақытта қатты қар күтіледі.

08 наурызда Жетісу облысында жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарындарында 15-20, екпіні 23 м/с.  

08 наурызда түнде Жамбыл облысында жауын-шашын, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

08 наурызда түнде Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман.

08 наурызда түнде Қарағанды облысында қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын, бұрқасын, облыстың батысында, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

08 наурызда түнде Ұлытау облысында жауын-шашын, облыстың батысында, орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жауын-шашын, облыстың шығысында қатты жауын-шашын (дождь, снег) күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

08 наурызда Абай облысының жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.

08 наурызда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.

08 наурызда Ақтөбе облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертен облыстың батысында тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

08 наурызда түнде Қызылорда облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың орталығында, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші 15-20, облыстың орталығында 23 м/с күтіледі.

08 наурызда Қостанай облысында қар, күндіз облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

08 наурызда Ақмола облысында күндіз батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

08 наурызда түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.

08 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі.

08 наурызда Батыс Қазақстан облысының шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ тұман күтіледі. Жел батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында екпіні 15-20 м/с.

08 наурызда түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде жолдарда көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, орталығында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

08 наурызда түнде Атырау облысының шығысында көктайғақ, тұман күтіледі.

Дата публикации
08 марта 2025
Дата обновления
08 марта 2025
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы