
Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 07-10 наурызда күтілетін ауа райының апатты және қауіпті құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Гидрология департаметі
2025 жылдың 07-08 наурыз аралығында температуралық фонның жоғарылауы мен қатты жауын-шашын (жаңбыр) болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
2025 жылғы 7-10 наурыз аралығында жауын-шашын болжамына, сондай-ақ температуралық фонның жоғарлауына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Гидрометорталық
07 наурызда Жамбыл облысында күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.
07 наурызда Жамбыл облысынның батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын, тұман, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 07 наурызда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.
07 наурызда күндіз Алматы облысында жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
07 наурызда кешке, 08-09 наурызда тәуілік бойы облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Жел батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстік жартысында екпіні 18-23, кей уақытта 28 м/с.
Алматы қ.: 07 наурызда кешке, 08-09 наурызда тәуілік бойы кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. 07 наурызда батыстан жел соғады күндіз екпіні 18 м/с.
Қонаев қ.: 07 наурызда кешке, 08-09 наурызда тәуілік бойы кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Жел батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады кей уақытта екпіні 18-23 м/с.
07 наурызда түнде Жетісу облысының солтүстік бөлігінде жауын-шашын күтіледі, күндіз жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең облыстың шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ . Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарындарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.
Талдықорған қ.: 07 наурызда батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
07 наурызда Түркістан облысында жауын-шашын, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында көктайғақ. Облыстың оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с.
Шымкент қ.: 07 наурызда жауын-шашын, күндіз кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз 15-20, екпіні 23 м/с.
Түркістан қ.: 07 наурызда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз 15-20, екпіні 23 м/с.
07 наурызда Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Семей қ.: 07 наурызда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23 м/с.
07 наурызда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Өскемен қ.: 07 наурызда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23 м/с.
07 наурызда Қарағанды облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстік жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде бұрқасын, күндіз облыстың солтүстік жартысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 23 м/с.
Қарағанды қ.: 07 наурызда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады түнде екпіні 15-20 м/с.
07 наурызда Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде бұрқасын, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ. Күндіз және таңертең облыстың батысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Жезқазған қ.: 07 наурызда жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде бұрқасын, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ. Оңтүстіктен-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
07 наурызда Ақмола облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Астана қ.: 07 наурызда кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с.
Көкшетау қ.: 07 наурызда күндіз жолдарда көктайғақ күтіледі.
07 наурызда түнде Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Петропавл қ.: 07 наурызда қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
07 наурызда түнде Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 күтіледі.
Павлодар қ.: 07 наурызда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
07 наурызда түнде Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
07 наурызда Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Орал қ.: 07 наурызда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі.
07 наурызда түнде Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жолдарда көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.
Атырау қ.: түнде 07 наурызда кей уақытта қар, жаяу бұрқасын. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады түнде екпіні 15-18 м/с.
07 наурызда Ақтөбе облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз облыстың батысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-18 м/с.
Ақтөбе қ.: 07 наурызда жолдарда көктайғақ күтіледі.
07 наурызда түнде Маңғыстау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстік-шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың батысында, орталығында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында 17-22, екпіні 25 м/с күтіледі.
Ақтау қ.: 07 наурызда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 17-22 м/с күтіледі.
07 наурызда Қызылорда облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда қ.: 07 наурызда көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.