
Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 05-06 наурызда күтілетін ауа райының қауіпті құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескерту сақталады:
04-06 наурызда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. 04 наурызда батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында, орталығында екпіні 18-23 м/с.
Алматы қ.: 04-06 наурызда кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Қонаев қ.: 04-06 наурызда кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. 04 наурызда батыстан жел соғады, түнде екпіні 18 м/с.
Дауылды ескертулер күтіледі:
05 наурызда Ақтөбе облысының қар, күндіз облыстың батысында қатты қар күтіледі. Түнде облыстың батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе қ.: 5 наурызда кей уақыттарда қар, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.
05 наурызда Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с.
Орал қ.: 05 наурызда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
05 наурызда түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 17-22 м/с.
Атырау қ.: 05 наурызда түнде қар, жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
05 наурызда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.
Ақтау қ.: 05 наурызда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
05 наурызда түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, күндіз қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай қ.: 05 наурызда таңертең және күндіз қар, бұрқасын күтіледі.
05 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, бұрқасын, облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.
05 наурызда Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде қар. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Астана қ.: 05 наурызда кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
05 наурызда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қар күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с.
Қарағанды қ.: 05 наурызда түнде қар, жаяу бұрқасын күтіледі.
05 наурызда түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, орталығында тұман.
Жезқазған қ.: 05 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
05 наурызда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
05 наурызда түнде Абай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
05 наурызда түнде Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
05 наурызда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 05 наурызда кей уақыттарда тұман күтіледі.
05 наурызда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.
Шымкент қ.: 05 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түркістан қ.: 05 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
05 наурызда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Қызылорда қ.: 05 наурызда түнде жолдарда көктайғақ күтіледі.