
Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 27 ақпанда-01 наурызда күтілетін ауа райының күрт өзгеруі және қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескерту сақталады:
25 ақпанда түнде Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, облыстың оңтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 26 ақпанда жауын-шашын, көктайғақ, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 25-26 ақпанда облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аударында 15-20 м/с, 26 ақпанда облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с. 25-26 ақпан аралығында облыстың оңтүстігінде ауа температурасының 8-13 градус жылыдан 1 градус аяз-4 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 27 ақпанда түнде 3-8, облыстың таулы аудандарында 12 градус аязға дейін төмендейді.
Шымкент қ.: 25 ақпанда кей уақыттарда жаңбыр күтіледі. 26 ақпанда жауын-шашын, түнде және таңертең қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. 25-26 ақпан аралығында ауа температурасының 10-12 градус жылыдан 1 аяз-1 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 27 ақпанда түнде 6-8 градус аязға дейін төмендейді.
Түркістан қ.: 25 ақпанда жауын-шашын, күндіз кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. 26 ақпанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. 25-26 ақпан аралығында ауа температурасының 6-8 градус жылыдан 1 аяз-1 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 27 ақпанда түнде 6-8 градус аязға дейін төмендейді.
25 ақпанда түнде Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 26 ақпанда жауын-шашын, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 25 ақпанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында, 26 ақпанда облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. 25 ақпанда облыстың таулы аудандарында, 26 ақпанда облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 25 ақпанда түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз 25, тәулік бойы 26 ақпанда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 26 ақпанда түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с. 25-26 ақпан аралығында ауа температурасының 9-14 градус жылыдан 0-5 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 27 ақпанда түнде 5-10, облыстың солтүстігінде,таулы аудандарында 13 аязға дейін төмендейді.
26 ақпанда түнде Алматы облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 27 ақпанда түнде қар, облыстың таулы аймақтарында қатты қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын. 26-27 ақпанда облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, 25 ақпанда облыстың шығысында, 26-27 ақпанда облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында 18-23 м/с, күндіз 26, түнде 27 ақпанда облыстың шығысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. 25-26 ақпан аралығында ауа температурасы 10-15 градус жылыдан 2 градус аяз-3 градус жылыға дейін, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 0-5 градус жылыдан 7-12 градус аязға дейін күрт төмендейді. 27 ақпанда түнде 5-10, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 градус аязға дейін төмендейді.
26 ақпанда түнде Жетісу облысының батысында, орталығында, таулы аудандарында қар, күндіз жауын-шашын, облыстың орталығында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). 27 ақпанда түнде қар, облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың орталығында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын. 26-27 ақпанда облыстың орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, 25 ақпанда Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с, 26-27 ақпанда облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 18-23 м/с, күндіз 26, түнде 27 ақпанда екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. 25-26 ақпан аралығында ауа температурасы 9-14 градус жылыдан 2-7 градус жылыға дейін, облыстың шығысында, таулы аудандарында 2 градус жылыдан 12 градус аязға дейін күрт төмендейді. 27 ақпанда түнде 5-10, облыстың шығысында, таулы аудандарында 15 градус аязға дейін төмендейді.
Дауылды ескертулер күтіледі:
27 ақпанда Маңғыстау облысында қар, көктайғақ, облыстың батысында, солтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты қар, бұрқасын күтіледі Облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында 15-20 м/с.
Ақтау қ.: 27 ақпанда қар, көктайғақ, күндіз қатты қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с
27 ақпан – 01 наурызда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Алматы қ.: 27 ақпан – 01 наурызда кей уақытта тұман, жолдардар көктайғақ күтіледі.
Қонаев қ.: 27 ақпанда жел солтүстік-батыс бағытттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, түнде екпіні 18-23 м/с. 27 ақпан – 01 наурызда кей уақытта тұман, жолдардар көктайғақ күтіледі.
Талдықорған қ.: 27 ақпанда түнде және таңертең кей уақыттарда тұман күтіледі.
27 ақпанда Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың онтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 27 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
27 ақпанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман күтіледі.
Шымкент қ.: 27 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түркістан қ.: 27 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
27 ақпанда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі.
Орал қ.: 27 ақпанда қар, жаяу бұрқасын күтіледі.
27 ақпанда Атырау облысында қар күтіледі. Облыстың шығысында жаяу бұрқасын.
27 ақпанда түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Астана қ.: 27 ақпанда көктайғақ күтіледі.
Көкшетау қ.: 27 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-18 м/с.
27 ақпанда түнде Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, облыстың оңтүстігінде көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Петропавл қ.: 27 ақпанда қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
27 ақпанда түнде Павлодар облысының қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар қ.: 27 ақпанда қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
27 ақпанда түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде қар күтіледі. Күндіз қар. Облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
27 ақпанда түнде Абай облысында қар күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні 23 м/с.
27 ақпанда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда қ.: 27 ақпанда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.
27 ақпанда түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қар, облыстың оңтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, орталығында кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды қ.: 27 ақпанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с күтіледі.
27 ақпанда Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда тұман күтіледі.
Жезқазған қ.: 27 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
27 ақпанда Ақтөбе облысының орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с.
27 ақпанда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. күтіледі.