
Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 24-27 ақпанда күтілетін ауа райының апатты гидрологиялық және қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер
Гидрология департаменті
Дауылды ескертулер сақталады:
2025 жылдың 21-24 ақпан аралығында температуралық фонның жоғарылауы болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Қапшағай ГЭС-нен 164 км жоғары – Іле өзені гидрологиялық бекетінде бекеттен төмен мұз кептелісінің салдарынан су деңгейінің күрт көтерілуі байқалуда. Су деңгейі 22.02.2025 ж. сағат 08.00-ге 485 см, сағат 12.00-ге 485 см-ді құрады. Су деңгейі одан әрі көтерілуі мүмкін.
Шеткі (критикалық) су деңгейі 500 см.
Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Гидрометорталық:
Дауылды ескертулер сақталады:
22 ақпанда күннің соңында Түркістан облысының таулы аудандарында жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.
23 ақпанда облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.
24 ақпанда түнде жауын-шашын, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар).
25 ақпанда түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын, күндіз жаңбыр, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар).
26 ақпанда жауын-шашын, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар).
22 ақпанда түнде және таңертең Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың онтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с.
26 ақпанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Жауын-шашын, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Тараз қ.: 22 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
22 ақпанда түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі.
26 ақпанда Алматы облысында жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), 27 ақпанда түнде облыстың таулы аудандарында кей уақытта қатты қар күтіледі.
Алматы қ.: 22 ақпанда түнде кей уақытта тұман күтіледі.
Қонаев қ.: 22 ақпанда түнде кей уақытта тұман күтеледі.
22-23 ақпанда Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
26 ақпанда түнде Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жауын-шашын, облыстың шығысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар),
27 ақпанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың шығысында, таулы аудандарында қатты қар, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Дауылды ескертулер күтіледі:
24-25 ақпанда Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
24 ақпанда Батыс Қазақстан облысында түнде облыстың басым бөлігінде қар, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, тұман күтіледі.
Орал қ.: 24 ақпанда қар, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі.
24 ақпанда Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
24 ақпанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Ақтау қ.: 24 ақпанда жолдарда көктайғақ күтіледі. Түнде тұман күтіледі.
24 ақпанда Ақтөбе облысының түнде қар, бұрқасын, облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
24 ақпанда түнде Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), бұрқасын, облыстың батысында, солтүстігінде қатты қар, облыстың оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.Қостанай қ.: 24 ақпанда таңертең және күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
24 ақпанда түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
24 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Петропавл қ.: 24 ақпанда шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
24 ақпанда түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі.
24 ақпанда Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с.
Жезқазған қ.: 24 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тұман. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 18 м/с.
24 ақпанда күндіз Қарағанды облысының батысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда тұман.
24 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Өскемен қ.: 24 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
24 ақпанда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында түнде қатты қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, шығысында тұман, облыстың орталығында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда қ.: 24 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
24 ақпанда түнде Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), күндіз жаңбыр, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
Шымкент қ.: 24 ақпанда кей уақыттарда жаңбыр, күннің екінші жартысында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Түркістан қ.: 24 ақпанда кей уақыттарда жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
24 ақпанда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың онтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 24 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
24 ақпанда Алматы облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 17-22 м/с.
Қонаев қ.: 24 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 17-22 м/с.