МЧС

Меню

Страницы

Статья

Штормовые предупреждения

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескерту сақталады:

2025 жылдың 23-24 ақпан аралығында
температуралық фонның жоғарылауы болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін. Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Дауылды ескерту күтіледі:

Қапшағай ГЭС-нен 164 км жоғары – Іле өзені гидрологиялық бекетінде бекеттен төмен мұз кептелісінің салдарынан су деңгейінің күрт көтерілуі байқалуда. Су деңгейі 22.02.2025 ж. сағат 08.00-ге 485 см, сағат 12.00-ге 485 см-ді құрады. Су деңгейі одан әрі көтерілуі мүмкін.Шеткі (критикалық) су деңгейі 500 см. Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Дауылды ескертулер сақталады:

23 ақпанда Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

 22 ақпанда түнде және таңертең Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с.

23 ақпанда Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

23 ақпанда Батыс Қазақстан облысында түнде қар, облыстың солтүстігінде қатты қар, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

23 ақпанда түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі.

23 ақпанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

23 ақпанда Ақтөбе облысында түнде қар, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында қатты қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, түнде облыстың оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

 23 ақпанда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

23 ақпанда таңертең және күндіз Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

23 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

23 ақпанда Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

23 ақпанда түнде Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында жауын-шашын, облыстың шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с.

23 ақпанда күндіз Қарағанды облысының батысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-18 м/с.

23 ақпанда түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

23 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-шығысында 15-18 м/с.

23 ақпанда Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

23 ақпанда түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

23 ақпанда Алматы облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 17-22 м/с.

 

 

Дата публикации
22 февраля 2025
Дата обновления
22 февраля 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы