МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 22-26 ақпанда күтілетін ауа райының апатты гидрологиялық және қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы дауылды ескертулер

2025 жылдың 21-24 ақпан аралығында температуралық фонның жоғарылауы болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

22 ақпанда түнде Батыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (басымы қар), бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел  солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Орал қ.: 22 ақпанда қар, бұрқасын, күндіз кей уақыттарда қатты қар, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

22 ақпанда Атырау облысында түнде қар, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда қатты қар, күндіз жауын-шашын, облыстың солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Атырау қ.: 22 ақпанда түнде қар, кей уақыттарда қатты қар, күндіз жауын-шашын (қар), бұрқасын күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

22 ақпанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтау қ.: 22 ақпанда жауын-шашын (көбініесе қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с күтіледі.

22 ақпанда Ақтөбе облысында қар, облыстың батысында қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, облыстың орталығында кей уақыттарда 23-28 м/с.

Ақтөбе қ.: 22 ақпанда кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

22 ақпанда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Астана қ.: 22 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Көкшетау қ.: 22 ақпанда түнде тұман күтіледі.

22 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

22 ақпанда Қостанай облысының батысында, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

22 ақпанда Павлодар облысының солтүстігінде қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Павлодар қ.: 22 ақпанда тұман күтіледі.

22 ақпанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с.

22 ақпанда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман  күтіледі.

22 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с.

Өскемен қ.: 22 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

22 ақпанда Абай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

22 ақпанда түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі.

Алматы қ.: 22 ақпанда түнде кей уақытта тұман күтіледі.

Қонаев қ.: 22 ақпанда түнде кей уақытта тұман күтеледі.

22-23 ақпанда Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

26 ақпанда түнде Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жауын-шашын, облыстың шығысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар),

27 ақпанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың шығысында, таулы аудандарында қатты қар, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

22 ақпанда түнде және таңертең Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың онтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с.

26 ақпанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Жауын-шашын, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Тараз қ.: 22 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

22 ақпанда күннің соңында Түркістан облысының таулы аудандарында жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

23 ақпанда облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

24 ақпанда түнде жауын-шашын, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар).

25 ақпанда түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында  жауын-шашын, күндіз жаңбыр, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар).

26 ақпанда жауын-шашын, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар).

22 ақпанда Қызылорда облысының шығысында, орталығында тұман күтіледі.

Қызылорда қ.: 22 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі.

 

Дата публикации
21 февраля 2025
Дата обновления
21 февраля 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы