
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Астана қ.: 20 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Алматы қ.: 18-20 ақпанда түнде және таңертең кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
20 ақпанда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
20 ақпанда Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде қар, облыстың оңтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты қар, жаяу бұрқасын күтіледі.
20 ақпанда түнде және таңертең Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.
20 ақпанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
20 ақпанда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
20 ақпанда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
20 ақпанда Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
20 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.
20 ақпанда түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі.
20 ақпанда Қарағанды облысының солтүстігінде кей уақыттарда тұман күтіледі. Күндіз жолдарда көктайғақ.
20 ақпанда түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз жолдарда көктайғақ.
20 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
20 ақпанда түнде және таңертең Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.
20 ақпанда түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.
20 ақпанда түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.
20 ақпанда Қызылорда облысының шығысында, орталығында тұман күтіледі.