
««Қауіпті өндірістік объектілерді бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 353 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар Министрлігі әзірлеген.
Бұйрықтың осы жобасында жоғарыда көрсетілген Қағидалардың 2-қосымшасында баяндалған қауіпті өндірістік объектілерді бірдейлендіру жөніндегі ақпаратты ұсыну нысаны әкімшілік деректерді әкімшілік көздермен өтеусіз негізде беру қағидаларына сәйкес келтіріледі (Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының м.а. 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығы).
Қоғаммен жария талқылау үшін 2025 жылғы «18» ақпан бұйрығының жобасы Ашық НҚА сайтында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15450282) жарияланды және ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/documents/details/799762?lang=ru) орналастырылды.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік және / немесе экономикалық салдарға әкелмейді.