
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
Алматы қ.: 15-17 ақпанда түнде және таңертең кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
16 ақпанда Ақмола облысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. 17 ақпанда облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 16-17 ақпанда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, 16 ақпанда облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с, 17 ақпанда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с күтіледі.
15 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. 16 ақпанда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с, күндіз кей уақытта екпіні 23-28 м/с. 17 ақпанда түнде қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с, кей уақытта екпіні 23-28 м/с.
16 ақпанда түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар, бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 17 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 15-17 ақпанда облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың бастысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз 16, тәулік 17 ақпанда кей уақыттарда екпіні 23-28 м/ күтіледі.
16 ақпанда күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 15 ақпанда түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде, 16 ақпанда облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 16 ақпанда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде кей уақытта екпіні 23 м/с.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Шымкент қ.: 16 ақпанда таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман күтіледі.
16 ақпанда түнде Қарағанды облысының батысында, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ. Тұман.
16 ақпанда түнде Ұлытау облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз жолдарда көктайғақ. Тұман.
16 ақпанда Жетісу облысының солтүстік бөлігінде тұман, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
16 ақпанда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
16 ақпанда таңертең және күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман күтіледі.
16 ақпанда Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.
16 ақпанда Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
16 ақпанда түнде Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (көбінесе қар), күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
16 ақпанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі.