МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Астана қ.: 12 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күннің екінші жартысында екпіні 15-18 м/с.

Алматы қ.: 12-13 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ.

Шымкент қ.: 12 ақпанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі.

11-13 ақпанда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

12 ақпанда Абай облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, Жарма ауданында екпіні 25 м/с.

12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с.

12 ақпанда күндіз Қарағанды облысының батысында, орталығында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жолдарда көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.

12 ақпанда түнде Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман.

12 ақпанда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

12 ақпанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с.

12 ақпанда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.

12 ақпанда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

12 ақпанда түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

12 ақпанда Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі.

12 ақпанда Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

12 ақпанда түнде және таңертең Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

12 ақпанда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

12 ақпанда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

12 ақпанда түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

12 ақпанда түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

12 ақпанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман күтіледі.

 

Дата публикации
11 февраля 2025
Дата обновления
11 февраля 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы