МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 11-13 ақпанда күтілетін ауа райының апатты гидрологиялық және қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

 

Гидрология департаменті

 

Семей қ. – Ертіс ө. (Абай обл.) гидрологиялық бекетінде бекеттен төмен сең кептелісі салдарынан су деңгейінің күрт көтерілуі байқалуда. Су деңгейі 06.02.2025 ж. сағат 08.00-ге 376 см-ді, сағат 12.00-ге - 401 см-ді құрады. Қауіпті деңгей – 450 см.

Гидрологиялық бекетте су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

 

Гидрометорталық

 

11 ақпанда Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астана қ.: 11 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

 Шымкент қ.: 11 ақпанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі.


11 ақпанда
түнде Түркістан облысының тауларында қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

 Түркістан қ.: 11 ақпанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі.

 

11 ақпанда күндіз Алматы облысының шығысында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

11-13 ақпанда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

 

Алматы қ.: 11 ақпанда түнде және таңертең, 12-13 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ.

 

Қонаев қ.: 11-13 ақпанда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

 

11 ақпанда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

 

11 ақпанда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 11 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

 

11 ақпанда Абай облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, Жарма ауданында екпіні 25 м/с.

 

11 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с.

Петропавл қ.: 11 ақпанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

 

11 ақпанда түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Күндіз жолдарда көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар қ.: 11 ақпанда күндіз жолдарда көктайғақ күтіледі.

 

11 ақпанда күндіз Қарағанды облысының шығысында жолдарда көктайғақ күтіледі.  Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман.

Қарағанды қ.: 11 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

11 ақпанда түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

 

11 ақпанда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Қостанай қ.: 11 ақпанда тұман күтіледі. 

11 ақпанда түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.


11 ақпанда
түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

11 ақпанда түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

                                                                                                                                   

11 ақпанда күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі.

 

11 ақпанда Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың орталығында түнде 15-20 м/с күтіледі.

 

Дата публикации
11 февраля 2025
Дата обновления
11 февраля 2025
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы