
««Қауіпті өндірістік объектілерде жарақаттану, инцидент, авария және қауіпті өндірістік фактордың туындауы туралы ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы» бұйрық жобасы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар Министрлігі әзірлеген.
Бұйрықтың осы жобасында қауіпті өндірістік объектілері бар және (немесе) олар бойынша жұмыстарға тартылатын ұйымдардың жарақаттануы, оқыс оқиғасы, авариясы және қауіпті өндірістік фактордың туындауы туралы ақпарат беруге арналған нысан көзделеді.
Қоғаммен жария талқылау үшін 2025 жылғы «10» ақпан бұйрығының жобасы Ашық НҚА сайтында жарияланды (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15436316 ) және ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында орналастырылды.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік және / немесе экономикалық салдарға әкелмейді.