
«Қазгидромет» РМК
Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 10 ақпанда күтілетін ауа райының апатты гидрологиялық және қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы дауылды ескертулер
Семей қ. – Ертіс ө. (Абай обл.) гидрологиялық бекетінде бекеттен төмен сең кептелісі салдарынан су деңгейінің күрт көтерілуі байқалуда. Су деңгейі 06.02.2025 ж. сағат 08.00-ге 376 см-ді, сағат 12.00-ге - 401 см-ді құрады. Қауіпті деңгей – 450 см.
08-10 ақпанда Алматы облысынның оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Алматы қ.: 08-10 ақпанда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Қонаев қ.: 08-10 ақпанда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
10 ақпанда түнде және таңертең Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарда кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың орталығында, таулы аудандарда қатты аяз 25-27 градус күтіледі.
Талдықорған қ.: 10 ақпанда түнде және таңертең кей уақыттарда тұман күтіледі. Түнде қатты аяз 25 градус күтіледі.
10 ақпанда түнде Түркістан облысының таулы аудандарында, күндіз батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.
Шымкент қ: 10 ақпанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түркістан қ: 10 ақпанда күннің соңында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман күтіледі.
10 ақпанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 10 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
10 ақпанда Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында, солтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
Қызылорда қ.: 10 ақпанда түнде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
10 ақпанда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.
10 ақпанда Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с.
10 ақпанда күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Астана қ.: 10 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Көкшетау қ.: 10 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
10 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз кей уақытта екпіні 23 м/с.
Петропавл қ.: 10 ақпанда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
10 ақпанда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Қостанай қ.: 10 ақпанда тұман күтіледі.
10 ақпанда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар қ.: 10 ақпанда жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
10 ақпанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Қарағанды қ.: 10 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
10 ақпанда Ұлытау облысының шығысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с.
10 ақпанда Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жаяу бұрқасын сақталады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, Мұғалжар ауданында екпіні 15-20 м/с.
10 ақпанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
10 ақпанда Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
10 ақпанда Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі.