МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

««Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Астана қ.: 08 ақпанда солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с.

Алматы қ.: 08-10 ақпанда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Шымкент қ.: 08 ақпанда таңертең және күндіз жаңбыр, 09 ақпанда тәулік бойы жаңбыр, түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр, тұман күтіледі.

08 ақпанда таңертең және күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, 09 ақпанда тәулік бойы жаңбыр, түнде және таңертең облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 08 ақпанда облыстың оңтүстігінде, 09 ақпанда облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

08 ақпанда күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

08 ақпанда Жетісу облысында шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні         15-20 м/с.

08-10 ақпанда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

08 ақпанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

08 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

08 ақпанда түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

08 ақпанда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

08 ақпанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын сақталады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, Мұғалжар ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с.

08 ақпанда Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

08 ақпанда Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с.

08 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

08 ақпанда Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

08 ақпанда Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

08 ақпанда Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

08 ақпанда Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

08 ақпанда Атырау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

 

Дата публикации
07 февраля 2025
Дата обновления
07 февраля 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы