МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 03 ақпанда күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

 

03 ақпанда Алматы облысында солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында 25 градус қатты аяз.

Алматы қ.: 03 ақпанда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Қонаев қ.: 03 ақпанда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

03 ақпанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 03 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

03 ақпанда Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын. Шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

Шымкент қ.: 03 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан қ.: 03 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

03 ақпанда Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда қ.: 03 ақпанда жел шығыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

03 ақпанда Маңғыстау облысының батысында аздаған жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында тұман күтіледі.

Ақтау қ.: 03 ақпанда түнде және таңертең аздаған жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі.

03 ақпанда Атырау облысының батысында, шығысында аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман.

 Атырау қ.: 03 ақпан түнде және таңертең тұман күтіледі.

  03 ақпанда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі.

  Орал қ.: 03 ақпанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, тұман күтіледі.

03 ақпанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, тұман сақталады.

Ақтөбе қ.: 03 ақпанда түнде және таңертең тұман сақталады.

03 ақпанда Қостанай облысының шығысында, орталығында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

03 ақпанда  Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде  аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында  тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні  15-20 м/с.

Петропавл қ.: 03 ақпанда тұман күтіледі.

03 ақпанда Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында түнде аздаған қар, күндіз аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.

Астана қ.: 03 ақпанда түнде және таңертең аздаған қар, тұман күтіледі. Көктайғақ.

03 ақпанда түнде Павлодар облысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Павлодар қ.: 03 ақпанда түнде аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

03 ақпанда күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

03 ақпанда түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман.

Қарағанды қ.: 03 ақпанда кей кақыттарда тұман күтіледі.

03 ақпанда түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз Аягоз ауданында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз Аягоз ауданында екпіні 15-20 м/с.

03 ақпанда түнде Шығыс Қазақстан облысында қар, облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Дата публикации
03 февраля 2025
Дата обновления
03 февраля 2025
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы