МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 02 ақпанда күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы дауылды ескертулер

02 ақпанда Ақмола облысында түнде қар, бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), облыстың оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Астана қ.: 02 ақпанда түнде қар, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр). Жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Көкшетау қ.: 02 ақпанда көктайғақ күтіледі.

02 ақпанда  түнде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі.

Петропавл қ.: 02 ақпанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

02 ақпанда Қостанай облысында солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман күтіледі.

02 ақпанда түнде Павлодар облысында қар, күндіз облыстың батысында,  оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында,  оңтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ. Оңтүстіктен жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

02 ақпанда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.

Қарағанды қ.: 02 ақпанда түнде қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тұман.

02 ақпанда түнде Ұлытау облысының шығысында аздаған қар, бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман.

Жезқазған қ.: 02 ақпанда тұман күтіледі.

02 ақпанда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с.

02 ақпанда түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын, күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

02 ақпанда Алматы облысында оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Алматы қ.: 02 ақпанда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Қонаев қ.: 02 ақпанда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

02 ақпанда Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

02 ақпанда Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 02 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

02 ақпанда Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Күндіз облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

Шымкент қ.: 02 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан қ.: 02 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

02 ақпанда Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда қ.: 02 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

02 ақпанда түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Атырау қ.: 02 ақпан түнде және таңертең тұман күтіледі.

02 ақпан Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман күтіледі.

Орал қ.: 02 ақпан аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман күтіледі.

02 ақпанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, тұман сақталады.

Ақтөбе қ.: 02 ақпанда түнде және таңертең тұман сақталады.

 

Дата публикации
01 февраля 2025
Дата обновления
01 февраля 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы