МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК

        Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 29 қаңтарында күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы дауылды ескертулер

29 қаңтарда Ақмола облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын, облыстың оңтүстігіде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.

Астана қ.: 29 қаңтарда түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Бұрқасын күтіледі. Оңтүстік батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Көкшетау қ.: 29 қаңтарда жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі.

29 қаңтарда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қар, облыстың шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз қар, бұрқасын, облыстың батысында кей уақыттарда қатты қар. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.

Қарағанды қ.: 29 қаңтарда қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

29 қаңтарда түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде қар, облыстың орталығында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз қар, бұрқасын. Облыстың шығысында кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Жезқазған қ.: 29 қаңтарда түнде аздаған қар, күндіз қар күтіледі. Жаяу бұрқасын.

29 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20, кей уақытта 25 м/с.

Петропавл қ.: 29 қаңтарда қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

29 қаңтарда Қостанай облысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.            

Қостанай қ.: 29 қаңтарда таңертең және күндіз қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

29 қаңтарда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

Шымкент қ.: 29 қаңтарда таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман.

29 қаңтарда таңертең және күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аудандарында қар, көктайғақ күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 29 қаңтарда таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі.

29 қаңтарда Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ сақталады, облыстың солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман сақталады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с.

Ақтөбе қ.: 29 қаңтарда кей уақыттарда көктайғақ күтіледі.

29 қаңтарда Павлодар облысында қар, облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

29 қаңтарда Абай облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с.
29 қаңтарда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-18 м/с.

29 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Орал қ.: 29 қаңтарда көктайғақ, тұман күтіледі.

29 қаңтарда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

29 қаңтарда Атырау облысының оңтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Атырау қ.: 29 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

29 қаңтарда Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

 

Дата публикации
28 января 2025
Дата обновления
28 января 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы