
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі ««Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 320 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі.
Жобамен азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін растау тәртібін нақтылау, АҚО-нің жаңа бекітілген құрылымына сәйкес келтіру мақсатында түзетулер енгізіледі.
Жобаны іске асыру қосымша қаржы шығыстарын талап етпейді.