
Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 26-27 қаңтарында күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескерту сақталады:
25-27 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, тәулік бойы 25, түнде 26 қаңтарда екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 25-27 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Дауылды ескертулер күтіледі:
26 қаңтарда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жолдарда көктайғақ күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 18-23 м/с.
Алматы қ.: 26 қаңтарда жолдарда көктайғақ күтіледі.
Қонаев қ.: 26 қаңтарда жолдарда көктайғақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, түнде екпіні 18-23 м/с.
26 қаңтарда Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі.
26 қаңтарда Қызылорда облысында шығыстан соққан жел батысқа ауысады, түнде облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
26 қаңтарда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
26 қаңтарда Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Атырау қ.: 26 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.
26 қаңтарда Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында тұман күтіледі.
Ақтау қ.: 26 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.
26 қаңтарда Ақтөбе облысының батысында тұман күтіледі.
26 қаңтарда Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
26 қаңтарда Ұлытау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, түнде облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с.
26 қаңтарда Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында, орталығында 15-20 м/с.
26 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында 15-18 м/с.