
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі – ТЖМ) «Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізу қағидалары мен шарттарын, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтерді, сондай-ақ азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттары үшін шекті мәндерді бекіту туралы» 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 180 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі.
Жобамен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - Заң) іске асыру, АҚО жаңа бекітілген құрылымына сәйкес келтіру мақсатында түзетулер енгізіледі.
Атап айтқанда, жоғарыда аталған Заңды жүзеге асыру үшін жоспардан тыс аттестаттауды өткізу тәртібін, кезеңдері мен мерзімдерін айқындау көзделген.