МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК

        Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 25-27 қаңтарында күтілетін ауа райының қауіпті және апатты гидрометеорологиялық құбылыстары туралы дауылды ескертулер

24-25 қаңтарда түнде Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында қатты аяз  30-33 градус күтіледі.

24 қаңтарда түнде Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында қатты аяз 31 градус күтіледі.

24 қаңтар күндіз, 25 қаңтар тәулік бойы Мұғалжар ауданында жаяу бұрқасын сақталады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Мұғалжар ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.

25-27 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, тәулік бойы 25, түнде 26 қаңтарда екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 25-27 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.

25 қаңтарда түнде Атырау облысының батысында тұман күтіледі.

25 қаңтарда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтау қ.: 25 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

25 қаңтарда Қостанай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

25 қаңтарда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

25 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қ.: 25 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20 м/с күтіледі.

25 қаңтарда Ұлытау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

25 қаңтарда Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

25 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысынның солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 40 градус қатты аяз күтіледі.

25 қаңтарда Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

25 қаңтарда Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

25 қаңтарда түнде және таңертең Алматы облысының батысында, оңтүстігінде кей уақытта тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 18-23 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 23-28 градус қатты аяз.

Алматы қ.: 25 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қонаев қ.: 25 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с.

25 қаңтарда түнде және таңертең Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде 25-28 градус қатты аяз күтіледі.

Талдықорған қ.: 25 қантарда түнде 26-28 градус қатты аяз күтіледі.

 

Дата публикации
24 января 2025
Дата обновления
24 января 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы