МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК Қазақстан Республикасы бойынша дауылды ескертулер 

24-25 қаңтарда түнде Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында қатты аяз 30-33 градус күтіледі.

24 қаңтарда түнде Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында қатты аяз 31 градус күтіледі. 

24 қаңтарда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіеді. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 24 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.           

24 қаңтарда түнде Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында аздаған қар күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын, тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Түнде қатты аяз 25-29 градус күтіледі.
Талдықорған қ.: 24 қантарда түнде қатты аяз 27-29 градус күтіледі.

Алматы қ.: 24 қаңтарда кей уақытта тұман.
24 қаңтарда Алматы облысының
солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.
Қонаев қ.: 24 қаңтарда кей уақытта тұман. 

24 қаңтарда Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын, оңтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

24 қаңтарда Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 24 қаңтарда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 25 м/с.
Петропавл қ.: 24 қаңтарда күндіз аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

24 қаңтарда күндіз Ақмола облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Көкшетау қ.: 24 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

24 қаңтарда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты аяз күтіледі. 

24 қаңтарда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

24 қаңтарда түнде Абай облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. 

24 қаңтарда түнде Шығыс Қазақстан облысынның солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

24 қаңтарда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Орал қ.: 24 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

24 қаңтарда Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Атырау қ: 24 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.                                                                         

24 қаңтарда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.
Ақтау қ.: 24 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с күтіледі.

24 қаңтарда Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

24 қаңтарда Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

Дата публикации
23 января 2025
Дата обновления
23 января 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы