
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Астана қ.: 23 қаңтарда түнде жаяу бұрқасын күтіледі.
Алматы қ.: 23 қаңтарда кей уақытта тұман, көктайғақ, жолдарда қарлы қатқақ күтіледі.
Шымкент қ.: 23 қаңтарда түннің бірінші жартысында қар, тұман күтіледі.
23 қаңтарда Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында қатты қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, орталығында 15-20, Алакөл көлдері ауданында екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
23 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, тұман, түнде таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
23 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
23 қаңтарда Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз екпіні 15-20 м/с.
23 қаңтарда түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.
23 қаңтарда Ақтөбе облысында батысында, солтүстігінде туман күтіледі.
23 қаңтарда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
23 қаңтарда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
23 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.
23 қаңтарда Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында түнде қар, күндіз аздаған қар күтіледі. Жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
23 қаңтарда түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыста, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
23 қаңтарда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
23 қаңтарда Абай облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с.
23 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың шығысында қатты қар күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с.
23 қаңтарда түнде Қызылорда облысының шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
23 қаңтарда түнде Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қар, тұман күтіледі. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
23 қаңтарда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жолдарда қарлы қатқақ күтіледі. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.