
Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 22-23 қаңтарында күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары және күрт өзгерулері туралы «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
22 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстікте, шығысында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың батысында 12 градус аязға дейін күрт төмендейді, ары қарай төмендеуі күтіледі.
22 қаңтарда Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстікте, шығысында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың батысында 20 градус аязға дейін күрт төмендейді, ары қарай төмендеуі күтіледі.
22 қаңтарда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 11-16 градус аязға дейін күрт төмендейді, ары қарай төмендеуі күтіледі.
22 қаңтарда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 17-22, облыстың батысында, солтүстігінде 25 градус аязға дейін күрт төмендейді, ары қарай төмендеуі күтіледі.
22 қаңтарда Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 23-28, облыстың оңтүстігінде, шығысында 20 градус аязға дейін күрт төмендейді, ары қарай төмендеуі күтіледі.
22 қаңтарда Ақмола облысында қар, облысының солтүстігінде, шығысында қатты қар жауады. Бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 20-25, облыстың шығысында 17 градус аязға дейін күрт төмендейді, ары қарай төмендеуі күтіледі.
Көкшетау қ.: 22 қаңтарда қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Ауа температурасының 21-23 градус аязға дейін күрт төмендейді, ары қарай төмендеуі күтіледі.
22 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында қар, облысының солтүстігінде, шығысында қатты қар жауады. Бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 25-30, облыстың оңтүстігінде 20 градус аязға дейін күрт төмендейді, ары қарай төмендеуі күтіледі.
Петропавл қ.: 22 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с. Ауа температурасының 25-27 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
22 қаңтарда Павлодар облысында қар, облысының батысында, солтүстігінде түнде қатты қар жауады. Бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың батысында 18 градус аязға дейін күрт төмендейді, ары қарай төмендеуі күтіледі.
22 қаңтарда Ұлытау облысында қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 17-22, облыстың шығысында 13 градус аязға дейін күрт төмендейді, ары қарай төмендеуі күтіледі.
22 қаңтарда Қарағанды облысында қар, облысының солтүстігінде, шығысында қатты қар жауады. Бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың батсында, солтүстігінде 20-25 градус аязға дейін күрт төмендейді, ары қарай төмендеуі күтіледі.
22 қаңтарда Абай облысында жауын-шашын, облысының оңтүстігінде, орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. 23 қаңтарда ауа температурасы түнде 15-20, облыстың батысында, шығысында 25 градус аязға дейін күрт төмендейді, ары қарай төмендеуі күтіледі.
22 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облысының солтүстігінде, шығысында қатты қар жауады. Бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. 23 қаңтарда ауа температурасы түнде 15-20, облыстың шығысында 25-30 градус аязға дейін күрт төмендейді, ары қарай төмендеуі күтіледі.
22 қаңтарда Қызылорда облысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. 22 қаңтарда ауа температурасы түнде 5-10, облыстың батысында, солтүстігінде 15 градус аязға дейін күрт төмендейді, 23 қантарда түнде 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде 25 градус аязға дейін ары қарай төмендеуі күтіледі.
21-22 қаңтарда Түркістан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), 21 қаңтарда күндіз, 22 қаңтарда тәулік бойы облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда көктайғақ. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с, 21 қаңтарда күндіз, 22 қаңтарда тәулік бойы 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 23-28 м/с, облыстың тау асуларында 30 м/с және одан аса. 22 қаңтарда ауа температурасы түнде 2-7, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 10 градус аязға дейін күрт төмендеуі, 23 қантарда түнде 10-15, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 20 градус аязға дейін ары қарай төмендеуі күтіледі.
Шымкент қ.: 21 қаңтарда таңертең және күндіз, 22 қаңтарда түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда көктайғақ. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, 21 қаңтарда күндіз, 22 қаңтарда тәулік бойы 15-20, екпіні 25 м/с. Ауа температурасының күндіз 4-6 градус жылыдан 4-6 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
Түркістан қ.: 21 қаңтарда таңертең және күндіз, 22 қаңтарда тәулік бойы көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, 21 қаңтарда күндіз, 22 қаңтарда тәулік бойы күші 15-20, екпіні 25 м/с. Ауа температурасының күндіз 3-5 градус жылыдан 5-7 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтілуде.
22 қаңтарда Жамбыл облысында жауын-шашын, облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. 23 қаңтарда ауа температурасы түнде 10-15, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 20 градус аязға дейін күрт төмендейді, ары қарай төмендеуі күтіледі.
Тараз қ.: 22 қаңтарда тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, түнде және таңертең кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. 23 қаңтарда ауа температурасы түнде 11-13 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
22 қаңтарда Алматы облысында жауын-шашын, облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), жауады. Көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік жартысында, 18-23 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. 23 қаңтарда облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты қар жауады. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 20-25 градус аязға дейін күрт төмендейді, ары қарай төмендеуі күтіледі.
22 қаңтарда Жетісу облысында жауын-шашын, облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, Алакөл көлдері аудандарында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. 23 қаңтарда ауа температурасының түнде 10-15, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 20-25 градус аязға дейін күрт төмендейді, ары қарай төмендеуі күтіледі.
Дауылды ескертулер күтіледі:
22 қаңтарда Ақмола облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан да аса күтіледі.
Астана қ.: 22 қаңтарда қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең кей уақыттарда 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19 градус аязға дейін күрт төмендейді, ары қарай төмендеуі күтіледі.
22 қаңтарда Павлодар солтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда 30 м/с және одан да аса күтіледі.
Павлодар қ: 22 қантарда қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде 13-15 градус аязға дейін күрт төмендейді, ары қарай төмендеуі күтіледі.
22 қаңтарда Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан да аса күтіледі.
Жезқазған қ.: 22 қаңтарда қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23 м/с. Ауа температурасы 14-16 градус аязға дейн күрт төмендейді.
22 қаңтарда Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан да аса күтіледі.
Қарағанды қ.: 22 қаңтарда қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы 13-15 градус аязға дейн күрт төмендейді.
Қостанай қ: 22 қаңтарда күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 22-24 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Ақтөбе қ.: 22 қаңтарда түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде 17-19 градус аязға дейін күрт төмендейді, ары қарай төмендеуі күтіледі.
Қызылорда қ.: 22 қаңтарда кей уақытта қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10 аязға дейін күрт төмендейді, ары қарай төмендеуі күтіледі.
22 қаңтарда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жолдарда қарлы қатқақ күтіледі.
Алматы қ.: 22 қаңтарда таңертең және күндіз кей уақытта қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ, жолдарда қарлы қатқақ.
Қонаев қ.: 22 қаңтарда кей уақытта тұман, жолдарда қарлы қатқақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады кей уақытта екпніні 18-23 м/с.
Талдықорған қ.: 22 қантарда күндіз кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ. Солтүстіктен жел соғады, таңертен және күндіз екпіні 15-20 м/с.
Семей қ.: 22 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.
Өскемен қ.: 22 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.
22 қаңтарда күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жел солтүстік-батыстан соғады екпіні 15-20 м/с.
22 қаңтарда Атырау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
22 қаңтарда Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.