
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Алматы қ.: 19 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі.
Шымкент қ.: 19 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі
19 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. 19 қаңтарда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
19 қаңтарда күндіз Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман, күтіледі.
19 қаңтарда түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, күндіз көктайғақ күтіледі.
19 қаңтарда Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда тұман.
19 қаңтарда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман.
19 қаңтарда түнде Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі.
19 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.
19 қаңтарда Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.
19 қаңтарда Түркістан облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.
19 қаңтарда Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.
19 қаңтарда Алматы облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
19 қантарда түнде Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
19 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ күтіледі.
19 қаңтарда Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.
19 қаңтарда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.
19 қаңтарда түнде және таңертең Абай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.