МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 17 қаңтарында күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы дауылды ескертулер

16-17 қаңтарда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақытта тұман күтіледі.

Қонаев қ.: 16-17 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

17 қаңтарда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Орал қ.: 17 қаңтарда күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

 17 қаңтарда түнде Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ.

Атырау қ.: 17 қаңтарда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.

17 қаңтарда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

Ақтау қ.: 17 қаңтарда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады күндіз кей уақыттарда екпіні 15-18 м/с күтіледі.

17 қаңтарда түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

2025 ж. 16 қаңтар 20 сағ. 17 қаңтар 20 сағ. аралығы 17 қаңтарда түнде Қостанай облысында бұрқасын, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.Қостанай қ.: 17 қаңтарда түнде және таңертең бұрқасын күтіледі.

17 қаңтарда Ақмола облысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Астана қ.: 17 қаңтарда кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с.

17 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Петропавл қ.: 17 қаңтарда жаяу бұрқасын күтіледі.

17 қаңтарда таңертең және күндіз Павлодар облысында жаяу бұрқасын күтіледі.

17 қаңтарда түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз бұрқасын. Облыстың шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Жезқазған қ.: 17 қаңтарда кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі.

17 қаңтарда күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды қ.: 17 қаңтарда таңертең және күндіз жаяу бұрқасын күтіледі.

 17 қаңтарда түнде Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

17 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. 

17 қаңтарда Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

Қызылорда қ.: 17 қаңтарда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.

17 қаңтарда күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Шымкент қ.: 17 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі

Түркістан қ.: 17 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.

17 қаңтарда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын  (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 17 қаңтарда кей уақыттарда тұман, күндіз көктайғақ күтіледі.

 

 

Дата публикации
16 января 2025
Дата обновления
16 января 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы