
Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 14-15 қаңтарында күтілетін ауа райының апатты және қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескерту сақталады:
12-14 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күндіз 12, тәулік бойы 13-14 қаңтарда 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 12-14 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Дауылды ескертулер күтіледі:
14 қаңтарда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
14-15 қантарда Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
14 қаңтарда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
14 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
14 қаңтарда күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
14 қаңтарда күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Орал қ.: 14 қаңтарда күндіз көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.
14 қаңтарда түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.
14 қаңтарда Абай облысының шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Семей қ.: 14 қаңтарда жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
14 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
Өскемен қ.: 14 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.
14 қаңтарда күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Қостанай қ.: 14 қаңтарда тұман күтіледі.
14 қаңтарда түнде Атырау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, күндіз көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде тұман.
Атырау қ.: 14 қаңтарда күндіз көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман
14 қаңтарда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Ақтау қ.: 14 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.