МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 09-11 қаңтарында күтілетін ауа райының  қауіпті метеорологиялық құбылыстары және қар көшкін қауіпі туралы дауылды ескертулері

 2025 жылдың 08-09 қантар аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қатты жауын-шашынның түсуіне байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

09 қаңтарда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Түнде бұрқасын,  күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Өскемен қ.: 09 қаңтарда түнде бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с.

09 қаңтарда түнде Абай облысының оңтүстігінде қатты қар күтіледі. Түнде бұрқасын,  күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Семей қ.: 09 қаңтарда түнде бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с.
09 қаңтарда түнде Жетісу облысында, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Түнде облыстың шығысында, таулы аудандарында 25 градус қатты аяз күтіледі.

09 қаңтарда Алматы облысының облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.

Алматы қ.: 09 қаңтарда кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Қонаев қ.: 09 қаңтарда кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

09-11 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 09-11 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 10 қаңтарда екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 09-11 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.

09-10 қаңтарда Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Шымкент қ.: 09-10 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан қ.: 09-10 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

09 қаңтарда Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда қ.: 09 қаңтарда жел шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

09 қаңтарда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Орал қ.: 09 қаңтарда түнде жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

09 қаңтарда Атырау облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.                      

09 қаңтарда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтау қ.: 09 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с күтіледі.
10 қаңтарда Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, 09 қаңтарда күндіз, 10 қаңтарда түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

2025 ж. 08 қаңтар 20 сағ. 2025 ж. 09 қаңтар 20 сағ. аралығы. 09 қаңтарда Қостанай облысының солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.Қостанай қ.: 09 қаңтарда түнде және таңертең бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

09 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында қар күтіледі. Бұрқасын, күндіз облыстың батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с.

Петропавл қ.: 09 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

09 қаңтарда Ақмола облысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.

Астана қ.: 09 қаңтарда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-18 м/с.

Көкшетау қ.: 09 қаңтарда кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

09 қаңтарда Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

09 қаңтарда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

09 қаңтарда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман күтіледі.

 

Дата публикации
08 января 2025
Дата обновления
08 января 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы