МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер және жол жабылу 

"ҚазАвтоЖол" ҰК "АҚ деректері бойынша ауа райының нашарлауына байланысты
республикалық маңызы бар а/ж 4 учаскесінде (Ұлытау, Қостанай, Жамбыл, Түркістан) және облыстық маңызы бар а/ж 3 учаскесінде (Жамбыл - 1, Қостанай - 2) автокөлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

07 қаңтарда Қызылорда облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың шығысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың орталығында екпіні 25 м/с. 08 қаңтарда ауа температурасы түнде  10-15 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Қызылорда қ.: 07 қаңтарда жауын-шашынды (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын. Түнде тұман. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып күндіз 15-20 м/с.

07 қаңтарда түнде Алматы облысынның таулы аудандарында қар жауады. Кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында екпіні 18 м/с. 08 қаңтарда қар, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Ауа температурасының түнде 5-10, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

07 қаңтарда түнде Жамбыл облысынның таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. 08 қаңтарда түнде қар, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысындағ таулы аудандарында 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с. Ауа температурасының түнде 3-8, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 11 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
Тараз қ.: 07-08 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі. 08 қаңтарда кей уақыттарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, 07 қаңтарда таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с, 08 қаңтарда екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең 25 м/с күтіледі.

07 қандарда таңертең және күндіз Түркістан облысында жауын-шашын, кешке облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарда тұман. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с, облыстың тау асуларында кей уақыттарда 28 м/с. 08 қаңтарда түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қар, таулы аудандарда қатты қар жауады. Облыстың талы және тау бөктерлі аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, тау асуларында екпіні 23 м/с. Ауа температурасының түнде 3-8, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 12 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
Шымкент қ.: 08 қаңтарда түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, 07 қаңтарда таңертең және күндіз, 08 қаңтарда түнде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
08 қаңтарда ауа температурасының түнде 6-8, күндіз 2-4 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Түркістан қ.: 07 қаңтарда кешке көктайғақ күтіледі.08 қаңтарда түнде жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, 07 қаңтарда таңертең және күндіз, 08 қаңтарда түнде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
08 қаңтарда ауа температурасының түнде 6-8, күндіз 2-4 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

08 қаңтарда Жетісу облысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың шығысында, таулы аудандарында қатты қар, тұаман. 09 қаңтарда түнде қар, жаяу бұрқасын күтіледі.  Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с. Ауа температурасының түнде 10-15, облыстың шығысында, таулы аудандарында 20-25 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 

08 қаңтарда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Орал қ.: 08 қаңтарда түнде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Тұман күтіледі. 

08 қаңтарда Атырау облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
08 қаңтарда Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі.

 2025 ж. 07 қаңтар 20 сағ. 08 қаңтар 20 сағ. аралығы 08 қаңтарда түнде Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.Қостанай қ.: 08 қаңтарда күндіз бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

08 қаңтарда түнде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Түнде бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, түнде кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.
Астана қ.: 08 қаңтарда түнде кей уақыттарда қатты қар, бұрқасын, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.
Көкшетау қ.: 08 қаңтарда түнде жаяу бұрқасын күтіледі. 

08 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының түнде оңтүстігінде, шығысында, күндіз батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

08 қаңтарда Павлодар облысында бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

08 қаңтарда түнде Ұлытау облысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.
Жезқазған қ.: 08 қаңтарда түнде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. 

08 қаңтарда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Облыста бұрқасын, көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды қ.: 08 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 

08 қаңтарда күндіз Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Бұрқасын. Облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.
Семей қ.: 08 қаңтарда күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с. 

08 қаңтарда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын, күндіз бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с.
Өскемен қ.: 08 қаңтарда күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

08 қаңтарда түнде Қызылорда облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан шығысқа ауысып түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда қ.: 08 қаңтарда түнде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан шығысқа ауысып түнде 15-20 м/с күтіледі. 

Алматы қ.: 08 қаңтарда түнде кей уақытта қатты қар күтіледі. Кей уақытта тұман, көктайғақ.
Қонаев қ.: 08 қаңтарда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады кей уақытта екпіні 18-23 м/с.

Талдықорған қ.: 08 қантарда таңертен және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Дата публикации
07 января 2025
Дата обновления
07 января 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)
18 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 17 қазан)
Жедел ақпарат
17 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы