МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 05-06 қаңтарында күтілетін ауа райының  қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы дауылды ескертулері

04-06 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 05 қаңтарда облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, 04-05 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 04-06 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.

05 қаңтарда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Шымкент қ.: 05 қаңтарда түнде және таңертең көктайғақ. Кей уақыттарда тұман күтіледі.

Түркістан қ.: 05 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.

 05 қаңтарда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Қызылорда қ.: 05 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі.

05 қаңтарда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі.

Алматы қ.: 05 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қонаев қ.: 05 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

05 қантарда Жетісу облысының  солтүстігінде, таулы аудандарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 18-23 м/с.

05 қаңтарда Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

05 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Орал қ.: 05 қаңтарда тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен батысқа ауысып соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

05 қаңтарда Атырау облысының солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Атырау қ.: 05 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 05 қаңтарда күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу-бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с.

Ақтөбе қ.: 05 қаңтарда күндіз көктайғақ күтіледі.

2025 ж. 04 қаңтар 20 сағ. 2025 ж. 05 қаңтар 20 сағ. аралығы. 05 қаңтарда күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.Қостанай қ.: 05 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

05 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Петропавл қ.: 05 қаңтарда оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

05 қаңтарда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Астана қ.: 05 қаңтарда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Көкшетау қ.: 05 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

05 қаңтарда Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі.

05 қаңтарда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Қарағанды қ.: 05 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.

05 қаңтарда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.

Жезқазған қ.: 05 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.

05 қаңтарда Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

 05 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Дата публикации
04 января 2025
Дата обновления
04 января 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы