
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулері
Астана қ.: 30 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Шымкент қ.: 30 желтоқсанда күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр басымырақ) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
30 желтоқсанда Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
30 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ, тұман күтіледі.
30 желтоқсанда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
30 желтоқсанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.
30 желтоқсанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
30 желтоқсанда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
30 желтоқсанда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
30 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында тұман күтіледі.
30 желтоқсанда күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі.
30 желтоқсанда күндіз Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі.
30 желтоқсанда Абай облысының оңтүстік-батысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
30 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
30 желтоқсанда Қызылорда облысының шығысында, солүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі.
30 желтоқсанда таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, түнде және таңертең тау асуларында екпіні 23-28 м/с.
30 желтоқсанда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
30 желтоқсанда Жетісу облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20 м/с.