МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылдың 29 желтоқсанында күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

 

Дауылды ескерту сақталады:

27-29 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 27 желтоқсанда облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында, 28-29 желтоқсанда облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 27-29 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

 

Дауылды ескертулер күтіледі:

29 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Петропавл қ.: 29 желтоқсанда күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

29 желтоқсанда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

29 желтоқсанда Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 18 м/с күтіледі.

29 желтоқсанда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с.

29 желтоқсанда түнде Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

 29 желтоқсанда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

29 желтоқсанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе қ.: 29 желтоқсанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

29 желтоқсанда түнде және таңертең Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Шымкент қ.: 29 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан қ.: 29 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

29 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі.

 Орал қ.: 29 желтоқсанда көктайғақ, тұман күтіледі.

29 желтоқсанда түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Атырау қ.: 29 желтоқсанда түнде көктайғақ күтіледі.                                                                                                       

29 желтоқсанда түнде Маңғыстау облысында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Ақтау қ.: 29 желтоқсанда көктайғақ күтіледі.

29 желтоқсанда Алматы облысының батысында, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Қонаев қ.: 29 желтоқсанда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

29 желтоқсанда күндіз Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20 м/с.

29 желтоқсанда күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.

29 желтоқсанда Қарағанды облысының батысында, шығысында, орталығында тұман күтіледі.

29 желтоқсанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

 

Дата публикации
28 декабря 2024
Дата обновления
28 декабря 2024
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы